• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:06:13
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 NEWS

Мемлекеттік қызметкерлердің 55 %-ын әйелдер құрайды — Статистика

Басшылық қызметтегі әйелдер үлесі - 39,5%, оның ішінде жоғарғы басшылық қызметте - 29%.

2018 жылғы 30 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің төрағалық етуімен ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Орталық сайлау комиссиясының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері,  Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарлама офисі, «БҰҰ-әйелдер» сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісіне енген саяси партиялардың жетекшілері, сондай-ақ, селекторлық режимде облыстар, Астана және Алматы қалаларының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен аумақтық сайлау комиссияларының жетекшілері қатысты. 

Отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде, Гүлшара Әбдіқалықова  Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» әйелдер қоғамдастығына үлкен импульс бергенін атап өтті.

- Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мақсаттардың орындалуы - әйелдер ұйымдарының белсенді қатысуын талап етеді, - деді Мемлекеттік хатшы. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Комиссияда сайлау процестерінде гендерлік аспектілердің қарастырылғанын, сондай-ақ,  2016 жылғы мәслихат сайлауы кезеңінде әйелдердің ұсынылу, тіркелу, тіркеуден алып тастау себептері және сайлануы жөнінде және 2016-2018 жылдар аралығында өткен шығып қалғандар орнына өткізілген төрт сайлау кампаниялары бойынша талдау жүргізілгенін айтты.

ҚР ОСК басшысы сайланбалы лауазымдарға өз кандидатураларын ұсынған әйелдердің дайындықтарының ұқыптылығын, сайлау заңнамасының шарттарын орындауын және көп жағдайда жеңіске жететінін атап өтті.   

Сонымен бірге, Б.Имашев, мұндай отырыстар Ортсайлаукомға сайлауды ұйымдастырушы ретінде сайлау қорытындыларын талдау жасауға, және сайлау процестерінің қатысушыларымен, соның ішінде саяси партиялармен, талақылауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында ҚР ОСК төрағасының орынбасары К.Петров, ҚР ОСК мүшесі Л.Сүлеймен, ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттігінің төраға орынбасары А.Шаимова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Қоныров, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Никитинская және басқалары сөз сөйледі.

Отырыс барысында әйелдердің мемлекеттік қызметте және сайланбалы органдарда шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігі бойынша статистикалық мағлұматтар айтылды. Барлық мемлекеттік қызметкерлердің 55 %-ын әйелдер құрайды. Басшылық қызметтегі әйелдер үлесі - 39,5%, оның ішінде жоғарғы басшылық қызметте - 29%. Бұл сан ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткішіне сай келеді. Қостанай облысы мәслихаттарда (31%) және басқа да мемлекеттік органдарда (61%) әйелдер саны бойынша көш бастап келеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір