• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:51:43
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Аймақтар

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, яғни мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталған болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде  «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы табысты жас мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен  студенттердің кездесуі өтті. Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.

Кездесудің  мақсаты – мемлекеттік қызметке қабілетті және талантты жастарды тарту, мемлекеттік қызметке түсу жолдарын кеңінен насихаттау болып табылады.

Аталған шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің маманы Қайрлиева Жұлдыз Қайрлықызы алдымен студенттерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға және құқық қорғау қызметіне түсу жолдары бойынша  тоқталып өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  қолданысқа енгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен қамтиды:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен заңнаманы білуге арналған тестілеуден және жеке қасиетін бағалау  тестілеуінен өту қажеттілігін атап өтті.

Сондай –ақ кездесу барысында облысымызда жас болса да бас болып жүрген  бүгінгі таңда Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Қабылұлы сөз алып, жастарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару  жауаптылықты талап ететіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі жұмысын жетекші маман лауазымынан бастап, меритократия қағидасымен бөлім басшысына дейін көтерілген Атырау облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гүлзамира Бибозқызы студенттерге  өз ойымен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір