• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:52:16
Алматы
+35°

24 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Мемлекеттік органдар қайырымдылық балын өткізеді

Облыста мемлекеттік органдардың басшылары жаңажылдық корпоративтерді өткізуден бас тартты

Облыста мемлекеттік органдардың басшылары жаңажылдық корпоративтерді өткізуден бас тартты. Оның орнына Ақтөбеде тұңғыш қысқы қайырымдылық балы ұйымдастырылмақ. Барлық жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі жиырма жанға, соның ішінде балаларға беріледі.

Меценаттық салаға ерекше көңіл бөлетін 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен қор өкілдері қайырымдылыққа қатысатындарын айтты. Балға кіру үшін төленетін қайырымдылық жарна 10 мың теңгені құрайды, яғни ұйымдастырушылар тек кіру билетінің өзінен мұқтаж жандар үшін 2 миллион теңгеден астам қаражат жинай алады. Бұдан басқа, арнайы ұйымдастырылған аукционнан түскен барлық ақша қайырымдылыққа берілетін болады.

Балда өңірде 2018 жылы өткен қайырымдылықты дамыту шаралары қорытындыланады. Қайырымдылық қызметіне ерекше назар аударған, әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосқан және ақтөбеліктердің өзекті мәселелеріне бейжай қарамайтын облыстағы үздік меценаттар марапатталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір