• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:38:48
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2016 NEWS

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегерлері тізімі. Кім лайықты?

"Қамшы" порталы белгілі әнші Қайрат Нұртас пен Әли Оқаповтың және актер Асылхан Төлеповтың мемлекеттік

"Қамшы" порталы белгілі әнші Қайрат Нұртас пен Әли Оқаповтың және актер Асылхан Төлеповтың мемлекеттік "Дарын" сыйлығын иеленгенін хабарлаған болатын.  "Қамшы" порталы оқырмандарына лауреаттардың толық тізімін жариялайды. 

2016 жылғы 8 желтоқсанда Astana Music Hall-да Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

            Іс-шараны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет келесі номинациялар бойынша берiледi: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық ән және қоғамдық қызмет.

            «Дарын» сыйлығына әр жылдары елімізге кеңінен танымал адамдар қол жеткізді. Олар -  Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Нұрлан Өнербаев, Қыдырәлі Болманов, Ерболат Құдайбергенов, Дүйсен Ордабек, Арман Жүдебаев, «Муз АРТ», «Бәйтерек», «Жігіттер» тобы және тағы басқалар.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері:

«Әдебиет» номинациясы:

  1. Қасымов Олжас Әбілұлы
  2. Қыдырбай Манарбек Қыдырбайұлы  

 «Ғылым» номинациясы:

  1. Боргеков Дарын Боранбаевич
  2. Жабагин Максат Кизатович
  3. Искандеров Аблайхан Нурбаевич
  4. Козловский Артем Леонидович
  5. Тургумбаева Акнур Аманбековна

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы:

  1. Кемельбаева Асель Колжаловна

«Журналистика» номинациясы:

  1. Курманов Нурсултан Амангельдиевич
  2. Тен Ирина Сергеевна

«Классикалық ән» номинациясы:

  1. Абдысагин Рахат-Би Төлегенұлы
  2. Джусупов Максат Жангирович
  3. Мәлік Азат Бисембиұлы

 «Қоғамдық қызмет» номинациясы:

  1. Коскелова Камшат Бергенқызы
  2. Паули Элина Сергеевна
  3. Сулейменов Олжас Серикбайұлы
  4. Табылғанов Жандос Махмутұлы

«Спорт» номинациясы:

  1. Баландин Дмитрий Игорьевич
  2. Ниязымбетов Адильбек Сәбитұлы

 «Театр и кино» номинациясы:

  1. Ерболат Жасұлан Ерболатұлы
  2. Отарбаев Елдар Ержанұлы
  3. Толепов Асылхан Сайлауұлы

 «Эстрада» номинациясы:

  1. Айдарбеков Кайрат Нуртасович
  2. Окапов Али Таскынулы

 «Халық шығармашылығы» номинациясы:

  1. Булгаков Жандарбек Айтакынулы
  2. Мурзалиева Саджана Садырбековна

Барлық жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері» атағы, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір