• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:19:32
+35°

29 Тамыз, 2018 NEWS

Мектепте хиджаб киюге тыйым салынғанын Сағадиев тағы еске салды

БҒМ басшысы қоғамның бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынына сенеді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептердегі хиджаб кию мәселесін көтерді.

«Мектеп қабырғасында хиджабпен жүруге тыйым салынады. Позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқыту дегенді діни оқыту дегенмен шатастырмаңыздар. Қандай болмасын мектеп бағдарламасы бәріне ортақ. Кез келген пән кез келген мектепте мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Бұл бәріне қатысты», -  деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

БҒМ басшысы қоғамның бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынына сенеді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір