• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:34:06
+35°

11 Қыркүйек, 2018 NEWS

Медициналық ұйымдардың 96%-ы цифрлық жүйеге көшірілген

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов саланы цифрландыру пациенттерді алыс қашықтықтан қалайша емдеуге жол ашатынын айтып берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов саланы цифрландыру пациенттерді алыс қашықтықтан қалайша емдеуге жол ашатынын айтып берді.

«Медициналық мобильді қосымшалар мен цифрлық технологиялар адамдардың әрбір персоналдық электронды жазбасын тіркей отырып, жағдайын алыстан бақылауға жол ашады», – дейді Е. Біртанов.

Осы мақсат бойынша 2020 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ын электронды денсаулық паспортымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы арнайы алаң іске қосылады. Ол алаң медициналық ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңмен интеграциялап, халықтың электронды денсаулық паспорттарының бірыңғай банкін іске қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, алдағы уақытта Қазақстандағы әрбір баланың туғанынан бастап электронды медициналық тарихы үзіліссіз толтырылатын болады.

Қазіргі таңда елімізде медициналық цифрлық ақпараттық жүйеге көшу жаппай қолға алынып, жүзеге асырылуда.

«Медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютермен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен аудан орталықтарында 85,2%-ды құрайды», – деді ол.

Сондай-ақ, министр жылдың соңына дейін 100%-дық деңгейде медициналық ұйымдарда электронды медициналық жазба жүйесіне енгізу көзделіп отырғанын айтып өтті. Халықтың электронды паспортпен қамтылу көрсеткіші қазіргі таңда 11 миллионға жеткен. Бұл қадам медициналық қызмет алу процесі және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің ашықтығы мен ыңғайлылығына жол ашады.

Министр 2021 жылы тегін медициналық көмек көрсету бағыты бойынша қаржыландыру үлесінің 50%-ға жететінін мәлім етті.

«Қазақстан денсаулық сақтау саласының ұлттық жүйесі жұмысының жайлы нәтижесіне қарамастан, медициналық қызмет көрсету сапасы мен ашықтығы тұрғысында, білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етуде әлі де мәселе бар. Жоғарыда аталған мәселені шешу үшін медициналық көмек сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар легі қолға алынып жатыр», –дейді ол.

Министр атап өткендей, негізгі аурулардан емдеу үшін биыл 3,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын болады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға артты.

«Дәрі-дәрмекпен қамту процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап амбулаториялық медикаменттерді сатып алу орталықтандырылып, сатып алу онлайн-трансляция арқылы жүргізілді. Осының арқасында 26,5 млрд теңге мөлшерінде бюджет қаражатын үнемдеп қалуға жол ашылды», – дейді министр.

Елжан Біртанов атап өткендей, үнемделген қаражат науқастанған 20 мың адамға дәрі-дәрмек препараттарын алуға жұмсалған. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді жетілдіру, әрбір пациент бойынша дербес дәрі-дәрмектерді қолдану мониторингі мен қажеттілікті анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл қадам әрбір адамның тегі бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алуға, оларды дәлме-дәл таратуға, сонымен бірге қалдық препараттарға бақылау жасауға мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір