• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:19:48
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2017 Саясат

Медведев жемқорлыққа қатысты өзіне тағылған айыпты «орынсыз соқтығу» деді

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейде келісімсіз өткен митингтерге байланысты ойын айтты, деп хабарлайды

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейде келісімсіз өткен митингтерге байланысты ойын айтты, деп хабарлайды «Қамшы» ақапараттық агенттігі.

Медведевтің айтуынша, билікке қарсы мұндай акцияларды өзінің саяси мақсатына жетпек болғандар ғана ұйымдастырады.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Медведев өзіне қатысты коррупциялық зерттеулерді «орнысыз соқтығу» деп бағалап: «Мұндай акция кімге қажет деп ойлайсыздар? Әрине, өзінің нақты саяси мақсаты бар адам үшін пайдалы», дейді ол.

4 сәуірде Медведев «Русарго» агрохолдингіндегі «Тамбовты шошқа еті» ет шығаратын кәсіпорнына барып, жұмысшылармен кездесіп қайтты.

Сондай-ақ, оппозиционер Алексей Навальныйдың ұйымдастыруымен өткен жемқорлыққа қарсы акциядағы өзіне тағылған айып турасында жауап берді.

Медведев ККҚ-ның зерттеуін «адамдарды көшеге алып шыққысы келетін жекелеген инвесторлар қаржыландырғанын» мәлімдеді. Ол зерттеуде келтірілген материалдарды «былжырақ және құр қағаз» деп, зерттеудің өзін «компот» деп атады.

Бұдан бұрын Ресей президенті Путин Мәскеуде, сонымен қатар, Ресейдің басқа да қалаларында келісімсіз түрде өткен акциялардың түбінде «ашкөздік, пайдақорлық» жатыр деген болатын.

Еске сала кетейік, 26 наурызда Ресейдің бірнеше қаласында жемқорлыққа қарсы митингтер өтті. Соңғы ақпарат бойынша, Навальныймен қосқанда мыңға жуық адам тұтқындалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір