• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:30:41
Алматы
+35°

03 Тамыз, 2017 Саясат

Медведев санкция жөнінде: «Ресейге сауда соғысы жарияланды»

Үкімет басшысы Ресей билігінің «экономикалық және әлеуметтік саланы дамыту үшін жұмыс істеуді  жалғастыратынын, берілмейтінін» айтты.

Үкімет басшысы Дмитрий Медведев АҚШ-тың жаңа санкциялары Кремльдің америкалық әкімшілікпен қарым-қатынасының жақсаруына нүкте қоятынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды», - деді Медведев. Оның ойынша, санкциялы режим ондаған жылдар бойына күшін жоғалтпайды, сондай-ақ АҚШ президенті заңға вето қоя алмайтындықтан Мәскеу мен Вашингтонның ара-қатынасы «шиеленісе түседі».

Үкімет басшысы Ресей билігінің «экономикалық және әлеуметтік саланы дамыту үшін жұмыс істеуді  жалғастыратынын, берілмейтінін» айтты.

Бұдан бұрын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың жаңа санкциялары «ештеңені өзгертпейтінін» мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы заңға 2 тамыз күні қол қойды. Аталмыш заңнаманы АҚШ сенаты мақұлдады. Құжатқа сәйкес, мұнай-газ жобаларына салатын инвестиция мөлшеріне шектеу қойылады, сондай-ақ, Вашингтонның пікірінше, ресейліктерге қатысты енгізілген санкция кибершабуылдар, жемқорлық және адам құқықтарын бұзу сынды әрекеттерге негізделген. Трамптың да кейбір мүмкіндіктеріне шектеу қойылды. Президент Конгресстің рұқсатынсыз антиресейлік санкцияларға вето қоя алмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір