• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:56:00
Алматы
+35°

24 Қаңтар, 2019 Тарих

"Медеудегі" бір суреттің тарихы: шомылу киімімен коньки тепкен қыз кім?

Алена жайдарлы жүзімен суреттің ерекше естелікке тұнып тұрғанын әрі жұрттың не ойлайтынында, не дейтінінде шаруасы жоқ екенін айтқан.

Белгілі алматылық фотограф Олег Ионов Esquire порталының тілшісіне ерекше суреті жайлы баяндап берді. Суреттен мұз үстіндегі галош киген ақсақал мен шомылу киіміндегі жас қызды байқайсыздар. Фотограф әлгі ақсақалды мұз айдынына алып шығуға қалай көндірді? Шомылу киімімен коньки теуіп жүрген жас қыз кім? Ерекше суреттің тарихы жайлы фотографтың оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынып отыр.

80 жылдардың аяғында «Медеу» мұз айдыны тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды. Туристер үзілмейтін, демалыс сайын қаланың жастары жиналатын еді. Қаланың күйбең тіршілігінен бір-бірімен кездесуге мүмкіндіктері болмайтын таныс-жарандар демалыс күндері Медеуде байқаусызда кездесіп қалатын. Сол күні мен мұз айдынында «Дружные ребята» газетінде бірге қызмет атқарған әріптесім, жас журналист Алена Островскаяны кездестірдім. Өзі ақжарқын, әдемі, көңілді қыз еді. Күн аспанда шақырайып тұр, ал әлгі журналист шомылу киімімен коньки теуіп жүр. Ауа райы керемет болды, неге солай жүрмеске... Мен әдепкі әдетіме басып, орындыққа отырып, фотоаппаратымды алып шықтым. Алена қасыма келіп отырды. Жанымыздағы орындықта ауылдан келген бір топ делегация отыр еді, олар «Медеуге» коньки тебу үшін емес, қаланың көрікті жерлерін тамашалап жүрген көрінеді.  Сондағы ауылдың құрметті ақсақалына бардым да: «Сізді жас қызбен суретке түсіріп алсам қалай?» деп сұрадым. Өнердің мен қадірлейтін ең керемет тұсы – юмор. Сол сәтте көз алдыма керемет бір кадр елестеді. Ақсақал да қарсы болмады, галошымен бірге мұзға шықты. Қуанышымызға қарай, бақылаушылар да ештеңені көрмеді. Атам Аленаның құлшына құшақтап алды, қыз да қарсылық танытпай, майысып сала берді. Ал мен фотопленкамды үнемдеу үшін суретке бір рет қана түсіріппін. Әрі қарай Алена өз жөнімен кетті, ақсақал экскурсиясын жалғастыруға аттанды.

Медеудегі сурет

Суретті бірнеше сурет көрмесіне ұсынғаныммен, ешқайда жарияланбаған еді. 25 жылдан соң әлгі суретке жаңа леп бітті, бір қызығы, оған менің қатысым жоқ еді. Әйтеуір интернетте жүр екен. Интернетке кімнің жариялағанынан әлі бейхабармын. Суретті көрген әйелім Аленаны уайымдады. Себебі кешегі жас журналист бүгін Америкада атақты Цукербергтермен көрші тұрады әрі мықты программистің әйелі. Оған дәл осындай атақ керек пе еді?

Алена Островская

Алена Островская

2015 жылы Алена Алматыға келіп, ескі әріптестер болып бас қосқан едік. Сонда Алена жайдарлы жүзімен суреттің ерекше естелікке тұнып тұрғанын әрі жұрттың не ойлайтынында, не дейтінінде шаруасы жоқ екенін айтқан. 

Аударған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір