• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:18:39
Алматы
+35°

16 Қазан, 2018 Аймақтар

Медеу ауданының әкімдігі қарттарға құрмет көрсетті

Қарттар айы шеңберінде Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен қарияларға құрмет көрсетілді

Қарттар айы шеңберінде Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен қарияларға құрмет көрсетілді.

Олардың қатарында соғыс ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары және зейнеткерлер, жалпы, 100-ге жуық азамат бар. Шара аясында эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздары әуелетіп ән салып, ұлттық аспаптармен күй орындады. Қазыналы қарттарға қуаныш сыйлаған шараға аудан әкімі қатысып, еселі еңбектеріне алғыс айтты.  

«Медеу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланғаныма 10 жыл болып отыр. Мен келгенде Ұлы Отан соғысына қатысқан 526 аға-апамыз бар еді. Қазір солардың 63-і қалды. Менің айтайын дегенім, бірінші осы кісілерді, әсіресе, Ұлы Отан соғысында тылда жұмыс істеген қарттарды құттықтап, денсаулық, балаларына бақыт тілегім келеді. Өйткені, балалар бақытты болса, бұлар әлі де өмір сүреді. Көздерінің тірі уақытында барлық құрметімізді осы аға-апаларымызға көрсету керек деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір