• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:05:02
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2018 Аймақтар

Медеу ауданына қарасты «№5 бөбекжай балабақшасында» Наурыз тойланды

Медеу ауданына қарасты «№5 бөбекжай балабақша» МКҚК балақайлары Наурыз мейрамын атап өтті

Медеу ауданына қарасты «№5 бөбекжай балабақша» МКҚК балақайлары Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік шараға аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, кәсіподақ ұжымының мамандары, ауданда орналасқан балабақшалар мен мектептердің мұғалімдері келіп, балалардың өнерін тамашалады. Бөбекжай меңгерушісі Гүлжамал Нұрманбетова сөз сөйлеп, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.

«Наурыз болады» деп көптен күткен балақайлардың бұл күні көрсетер өнері көп болды. Бірі ән айтса, келесі бірі би биледі. Бір топ балалар қазақтың салт-дәстүрінен үзінді көрсетсе, тағы бір топ балақай «Жас Абай» көрінісін қойды. Онда бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған шарада әр топтың тәрбиешілері ата-аналармен бірігіп, балаларды қатыстыра отырып, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу» секілді салт-дәстүрден көрініс қойды. Одан соң кезек ұлттық ойындарға беріліп, бүлдіршіндер арқан тартысты.

Ашық аспан астында өткен мереке соңында жиналған жұртшылыққа Наурыз көже мен бауырсақ үлестірілді. Балабақша маңында тұратын аудан тұрғындары да балақайлардың өнерін тамашалап, Наурыз көжеден ауыз   тиді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір