• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:53:08
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2018 Аймақтар

Мәжіліс депутаты өлең шығарған жауынгерге ризашылығын білдірді

Мәжіліс депутаты Оралдағы әскери бөлімнің жауынгерлерімен кездесті

Мәжіліс депутаты  Оралдағы әскери бөлімнің жауынгерлерімен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бақытбек Смағұл өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық ұлан жауынгерлерімен кездесті,

Кездесу  барысында  халық қалаулысы 5517-әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасы және әскери бөлімнің қызметкерлерімен жүздесуде Мәжіліс депутаты Елбасының биылғы Жолдауына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» байланысты алда тұрған мақсат-міндеттерді әңгімелеп берді.

Мәңгі мұрат - ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямаған азаттығымызды аялап, ұлы мәртебелі тәуелсіздігімізді баянды ету. Елдің бірлігі барда - даму да бар. Осы орайда бес әлеуметтік бастама барлық саладағы қызметкерлердің, соның ішінде әскери қызметшілердің мақсат-мүддесіне сай өрістей беретін болады. Ең бастысы, ұлттық рух мықты болуы керек. Депутат сөзінің негізгі түйіні осыған сайды. Бақытбек Смағұл өз өміріндегі елеулі кезең

- Ауған соғысына ерекше тоқталды. Талай қанды жорықты бастан өткізген майдангер қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мүшесінің «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс» сынды кітаптар жазғаны белгілі. Жауынгерлер ардагердің сөзін ұйып тыңдап, өн бойынан өткізгендей болды.

Мәжіліс депутаты жуырда премьерасы болған «Алтыншы бекет» көркем фильмі туралы да айтып, Ұлттық ұлан қатарында өз Отанын қорғайтын жауынгерлердің көбейе беретініне сенім білдірді.Содан кейін осыған қатысты өз өлеңін оқып берді.

Музейге экскурсия барысында «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров өңірлік қолбасшылықтың өнегелі тарихы туралы әңгімелеп берді.

Өз кезегінде 5517-әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Усал Мағжан Мәжіліс депутатының назарына өз жырын  ұсынды. Бұған әсерленген Бақытбек Смағұл жауынгерге ризашылығын жеткізіп, әскери борышын абыроймен атқаруына және туғандарына аман-есен оралуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл, Аманжан Жамалов, Сапархан Омаров, сондай-ақ сенаторлар Ерболат Мұқаев, Нариман Төреғалиев БҚО-ға жұмыс сапары барысында кәсіпорын-мекемелерде, облыс аудандарында болып, тұрғындарға Елбасы Жолдауы, бес әлеуметтік бастама және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын айтып берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір