• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:40:41
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2017 Әлеумет

Мәжіліс депутаты мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарудың әдісін айтты

Мұғалімнің мұң-зарына мәжіліс депутаттары да назар аударды. Олар ұстаздарды қағазбастылықтан құтқарып, мектеп құжаттарын ХҚКО жұмыстарымен интеграциялауды...

Мұғалімнің мұң-зарына мәжіліс депутаттары да назар аударды. Олар ұстаздарды қағазбастылықтан құтқарып, мектеп құжаттарын ХҚКО жұмыстарымен интеграциялауды ұсынды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Қағазға көміліп, бар уақытын құжат толтыру мен есеп жазуға арнайтын ұстаздан балаға жауапкершілікпен қарауды, сапалы білім беруді талап ете аламыз ба? Білім және ғылым министрлігі осы жағдайларға назар аударса екен. Мәселен «Оқумен жаппай қамту» бағдарламасы ұстаздардың мойынына артылған. Ол 18 кестеден тұрады, бұған бекітілген участкты аралау, қосымша құжаттарды толтыру жұмыстарын қосыңыз. Мұны неге ХҚКО қызметтерінің қатарына қоспасқа? Мектеп мұғалімі күнтізбелік жоспар, ұзақмерзімдік және орта мерзімді жоспар, сабақ жоспары, өзіндік даму жоспары, мектеп бөлімдерінің жоспары тәрізді қағаздарға көп уақытын жұмсайды. Әрі бұлардың барлығы фото есеп түрінде тапсырылуы керек, оның үстіне электронды журнал мен қағаз журналдың машақаты бар. Бұл мұғалімнің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр», – деп хабарлайды Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова.

Сондай-ақ, ол мектеп педагогтарының әлі күнге дейін жұмысқа қажетті жабдықтарды өз есебінен сатып алатындығын да атап өтті. Осыдан соң ұстаздардың жұмысына сын айтуға бола ма? Қағазбастылықтан құтылмаған ұстаз, құжат толтырумен әуре болып жүргенде оқушылар білгенін істемейді ме?

«Бұл айтылған талаптарды орындау үшін көптеген ұстаздар өзінің онсыз да мардымсыз айлығына қаншама папкалар мен қағаз сатып алуға мәжбүр. Мен тіпті есеп қағаздарын шығару үшін несиеге түрлі-түсті қағаз шығаратын принтер сатып алғандарды да білемін. Өйткені қағаз шығару оларға қымбатқа түседі», – дейді Гүлнар Бижанова.

Осыған байланысты депутат Білім және ғылым министрлігінен мектеп мұғалімдерін қағазбастылықтан құтқарып, педагогтарға өзінің негізгі жұмысы – бала тәрбиесі және білім берумен айналысуға мүмкіндік беруді сұрады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір