• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:15:31
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2017 Кәсіпкер

Маймылдың «адамдық» қасиеті таң қалдырды (ВИДЕО)

ВВС телеарнасында көрсетілетін  “Жабайы табиғаттағы тыңшы» атты бағдарлама кеңінен танымал. Теле жобада зерттемек болған жануардың қуыршағын...

ВВС телеарнасында көрсетілетін  “Жабайы табиғаттағы тыңшы» атты бағдарлама кеңінен танымал. Теле жобада зерттемек болған жануардың қуыршағын жасап, оған жасырын камера орнатады. Қуыршақты қалдыратын жерге де бірнеше камера қояда.

Аталмыш тәжірибені Раджастандағы лангурларға жүргізгенде оның немен аяқталатынын ешкім білмеді.

Бастапқы кезде маймылдардың бірі қуыршақты оятпақ болады. Бірақ ол оны байқамай құлатып алады.

Сол уақытта басқасы жүгіріп келіп, оны тірілтіп алуға талпынғандай әрекеттер жасайды. Қуыршақтың қимылсыз жатқанын көргенде маймылдар үйірі көз алдында өзгерді.

Барлығы қатты қамығып қалғаны көрініп тұрды. Олардың іс-әрекеті қайғырып тұрған адамды еске салды. Олар қуыршақтың айналасына жиналып, онымен қоштасқысы келгендей сипап өтіп жатты.

Үлкен маймылдар кішілерін құшақтап, жұбатуға тырысты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір