• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:43:59
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 NEWS

Маусымның 11-інен 12-сіне қараған түн — Қадір түні

Бұдан бөлек, бірнеше шектеулерді сақтау қажет. Ішімдік ішуден бас тартып, Қадір түнін ойын-сауық орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал.

Әлемнің барша мұсылманы маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні ұйықтамай, Жаратушыға сыйынумен өткізеді. Қадір түні немесе Лайлатуль-кадр жыл сайын қасиетті Рамазан айында болады.

Қадыр түні — қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадыр сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады.

Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Әдетте, Ляйлятуль-кадр түні қаза етілген намаздар оқылып, Қасиетті Құран кітабы оқылады, өткен күн мен айлардың қателіктері сараланады, өкпе-реніш кешіріліп, келешекке жоспар құрылады. Қасиетті Қадір түні оқылған намаз мың ай немесе 83 жыл оқыған намазбен тең.

Мешіт имамдарының кеңесіне сүйенсек, бұл күні түс кезінде ептеп көз шырымын алып, ауызашар кезінде тойып тамақ ішпеген жөн. Қасиетті түні дұғалардың қысқа тізімін әзірлеген жөн. 

Бұдан бөлек, бірнеше шектеулерді сақтау қажет. Ішімдік ішуден бас тартып, Қадір түнін ойын-сауық орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Өсек айтып, ғайбат сөйлеуге, ұрысуға болмайды. Көңіл көтеретін фильмдер мен бағдарламалар көрмей, тыныштықта отырып, маңызды жайттарды ойлану керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір