• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:37:05
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 Экономика

Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.

Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өседі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Ол бұл туралы Twitter парақшасында хабарлады.

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойдым", - деп жазды мемлекет басшысы.

Тоқаев құжатты әзірлеген үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған парламент депутаттарына алғысын жеткізді.

Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.

"Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады", - деп жазды ол жеке парақшасында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берген еді. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір