• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:39:14
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2018 NEWS

Мәулен Әшімбаев: халық бес әлеуметтік бастаманың нақты нәтижесін көріп отыр

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бастамасы бойынша салынған жатақханаларға барды

Бүгін Алматыға арнайы сапармен келіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары осылай деді.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бастамасы бойынша салынған жатақханаларға барды. Атап айтқанда, ол С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің жатаханаларында болып, студенттерге жасалған жағдаймен танысты.

Нұр Отан

Жалпы Алматыда аталған бастама аясында осы жылдың соңына дейін 4 жаңадан салынған және 1650 орындық қайта жаңғыртылған 1 жатақхана пайдалануға берілмек. Одан бөлек, 2300 орынға арналған 3 жаңа жатақхананың құрылысы басталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындарға жаңа баспаналарының кілтін табыстау салтанатына қатысты. Осы ретте Алматы қаласы бойынша 2018 жылы 1,9 млн. шаршы метр баспана немесе 15,1 мың пәтер пайдалануға беру жоспарланғанын атап өткен жөн.

Нұр Отан

– Бүгін Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Алматы қаласында нәтижелі жүзеге асырылып жатқанына куә болдық. Мұнда жаңадан салынған жатақханалар сапалы әрі жаңа қондырғылармен жабдықталған. «7-20-25» бағдарламасы бойынша да шаһарда жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үйлердің сапасы да талаптарға сай. Сондықтан Алматы қаласында әр отбасын баспанамен қамтуды көздейтін бастама нәтижелі жүзеге асырылуда деуге толық негіз бар. Осындай бағдарламаларға жастар көбірек қатысуы керек. Мұның барлығы Елбасы саясатының жемісі. Бүгінде халық бұл бастамалардың нақты нәтижесін көріп отыр. Алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясы осы бағыттағы өз жұмыстарын қарқынды жалғастырады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары шағын несие беруді көбейту бастамасы бойынша мемлекеттен қаражат алып, өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлермен кездесті. Сондай кәсіпкерлердің бірі Динара Қазиева. Ол аталған бастама арқылы несие алып, тіс емханасын ашқан. Стоматологияға анайы барған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының бес әлеуметтік бастамасы дер кезінде қолға алынып, халықтың жағдайын жақсартуға игі септігін тигізіп жатқанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір