• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:37:43
Алматы
+35°

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі таңда бүкіл әлем Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таниды. Уақыт өткен сайын еңсеміздің биіктеп, іргеміздің беки түскенін өзіміз де аңғарып жүрміз. Осынау жүйелі дамудың басты себебі Тәуелсіздік болса, сол Тәуелсіздіктің сенімді кепілі – Конституция!

Біздің бүгінгі Ата Заңымыз тарихымызда Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы» деген атпен белгілі заңдар жинағының лайықты жалғасы. Еліміздің басты құжаты 23 жылдың ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасына айналды. Соның нәтижесінде біз осы жылдарда шын мәнінде заң аясында өмір сүретін егемен ел болып қалыптасудамыз.

Алдымызда тұрған ендігі міндет – осы елдігіміздің тұғырын биіктетіп, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Сол жолда баршаңызға табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміздің алтын тұмарындай болған Ата Заңымыз қабылданған күн құтты болсын! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!

Мәулен Әшімбаев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір