Мәулен Әшімбаев: Қарағандыдағы жігіттің қазасы қабырғамызды қайыстырды

Мәулен Әшімбаев: Қарағандыдағы жігіттің қазасы қабырғамызды қайыстырды
Ⓒqamshy.kz

Мәулен Әшімбаев Қарағанды қаласында болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында аталмыш жайтқа қатысты өз ойын айтып, қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтты.

"Қарағанды – талай талант пен дарындардың кіндігін кесіп, томағасын сыпырған, қазақ үшін құт дарып, бақ қонған қастерлі мекен. Соңғы аптада осы бір өлкеге елдің назары ерекше ауды. Мәселенің мәнісі де баршаға мәлім.

Бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Аталған іс бойынша нақты шаралар қолға алынып, тергеу амалдарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын да айтты. Қазірдің өзінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамның ұсталғаны, тағы біреуіне іздеу жарияланғаны белгілі болып отыр. Бұл кешенді жұмыстар нақты нәтижесін беріп, жауапты адамдар заңға сәйкес жазаларын алады.

Осы ретте, орын алған жайтқа қатысты аз-кем өз ойымызды білдіріп, үн қосқанды жөн көріп отырмын. Бұған дейін тергеу амалдары басталып кеткендіктен, іске кедергі келтірмеудің қамын жасап, сабыр сақтаған едік.

Алдымен, бұл оқиға біздің де жанымызға аяздай батып, өрімдей жігіттің қазасы қабырғамызды қайыстырып кеткенін айтқым келеді. Соған байланысты қайтыс болған азаматтың отбасына қайғыларына ортақтасып, облыстық филиалымыз арқылы көңілімізді білдірдік.

Жалпы осы бір жайт қоғамымызда татулық пен тұрақтылықты сақтауға қатысты әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстардың бар екенін көрсетіп берді. Біз мұндай жағдайда, ең біріншіден, барлық іс-әрекетімізді елдің бірлігін сақтауға бағыттауымыз керек. Өйткені қазіргідей әлемдік геосаяси жағдайдың ушығып тұрған шағында осындай кикілжіңдерді өз мүддесіне пайдаланып кеткісі келетін күштердің бар екені белгілі. Олардың көздейтіні біздің бүгінгі біртұтастығымызға жік түсіріп, іргемізді ыдырату. Сондықтан осындай айтақтарға ермей, ең әуелі ішкі тұрақтылығымызды сақтауға, оны одан әрі нығайтуға аса мән беруіміз керек деп есептеймін.

Осы тұста осалдық танытқандардың ғұмыр бойы тірнектеп жиған-тергенін бір-ақ күнде жоғалтып, бірлігі мен берекесінен айырылып қалғанын да көзіміз көріп жүр. Ал сол бірлік пен берекенің ар жағында елдік, мемлекеттілік, тәуелсіздік дейтін қастерлі ұғымдар тұр. Сондықтан қасықтап жиғанымызды шелектеп төгіп алмау үшін бірлігімізді бекемдеп, тұрақтылығымызды сақтауды бірінші кезекке шығаруымыз керек. Бұл – Қазақстанда тұратын барлық халыққа жүктелер жауапкершілік.

Әрине, осы жағдайға байланысты кейбіреулер әлеуметтік мәселелерді де көтеріп, істің байыбын басқа бағытқа қарай бұруды көздейтіндерін білдіріп қалып жатыр. Десек те, елімізде әлеуметтік саланы жақсарту үшін қыруар шаруаның атқарылғанын, өзекті деген мәселелердің өзі оң шешімін тауып, көп түйіннің күрмеуі шешіле бастағанын айтуымыз керек. Сол бастаған істі жалғастыру үшін де біз бірлігімізден айырылмай, оны қайта күшейте түсуге тиіспіз.

Сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға тек қазақ ұлты емес, елдегі барлық этнос өкілдері де жауапты екенін және соны сезінуі керектігін ерекше атап өткім келеді. Сол себепті барлық халық ортақ мақсатқа ұйысуы қажет. Бірлік пен тұрақтылықты дәріптеп, кез келген мәселені ақылға салып шешуге машықтануымыз керек. Бұл – біз ұмтылған дамыған, бәсекеге қабілетті қоғамның бейнесі.

Біздің кез келген уақытта күн тәртібінен түспейтін тағы бір ең басты мәселеміз – тәуелсіздігімізді нығайту. Оның кілті бірлік пен ынтымақта екенін ата-бабамыз әу бастан айтып кеткен. Соның арқасында, яғни Қазақстанды мекендеген барлық халықтың басын бір арнаған тоғыстыру арқылы біз бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік.

Біз көпэтносты ел болуды өзіміз таңдап алғанымыз жоқ. Бұл – тарихтың тартуы. Сондықтан осы басымдығымызды өз пайдамызға жарата білудің маңызы зор. Осы ретте барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер қалыптастыру арқылы еліміздегі әр ұлт өкіліне жауапкершілік жүктелетінін ескеруіміз керек. Сондай-ақ қазақ халқының да жауапкершілігі арта түсетіні анық.

Тағы бір маңызды жайт, Қазақстан көпэтносты мемлекет болғанымен, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екенін ашық айтуымыз керек. Оған ешкімнің күмәні де болмауы тиіс. Тіпті қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуының өзінде де үлкен мән жатыр. Бірақ ешкімді алаламай, барлық азаматқа ортақ мүмкіндік қалыптастыру өркениеттің белгісі және тұрақты дамудың кепілі екенін ұмытпайық.

Сонымен қатар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы, ұлттық кодты сақтау, ата-бабамыздың дәстүрін дәріптеп, кең жазира даламыздың әлемдік өркениеттегі үлесі сияқты ауқымды жұмыстар ұлттық санамызды жаңғыртуға бағытталғаны белгілі. Осы жұмыстардың барлығы ата-бабамыздың арманы болған мемлекеттігімізді күшейтуге және тәуелсіздігімізді мәңгілік етуге арналғанын естен шығармауымыз керек.

Сондықтан біз бірлікті ту етіп, елдіктің іргесіне сызат түсіретін кез келген қауіпке қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Ұлтымыздың ертеңіне жанымыз шын ашыса, ұрпаққа бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан мемлекет қалдыруды ойлауымыз керек. Осы жолда бәріміз бір кісідей атсалысып, ақылмен әрекет етейік" - деп жазады Мәулен Әшімбаев.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 ай бұрын

    Елімізге ең әуелі тыныштық пен тұрақтылық керек екендігі бесенеден белгілі. Әрбір осындай оқиғадан кейін митингіге шығушылар саны артып жатқаны ойлантады. Халықтар арасындағы байланысты тағыда бір рет қарап, нақтылауікерек секілді. Тіл мәселесін де қарау керек ау.

    • 2 ай бұрын

      өте дұрыс айттіңз бірлык інтмақ керек ұлт арасына ірткі салуға болмайды

      • 2 ай бұрын

        Конечно, не должно быть вражды и конфликта между нациями, мы же многонациональная и мирная страна

      • 2 ай бұрын

        Иә, негізі қарапайым төбелес екені анық. Алайда осы мәселеде шу шығарып, іріткі салушылар өте көп екенін байқадым.

    • 2 ай бұрын

      Печально, конечно, что ложились такие обстоятельства и погиб молодой парень, печально, но такие бытовые ситуации не редкость

      1
      "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады
      21/03 13:10 0 323
      2
      "Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз, не пропагандист..."
      21/03 13:06 0 113
      3
      Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
      21/03 12:53 0 133
      Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
      21/03 12:41 0 182
      Әз Наурыз туралы таза шындық...
      21/03 11:31 0 150

      Таныстырылғандар

      Назарбаевқа жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды
      Назарбаевқа жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды
      Назарбаевқа жемқорлардың ашық тізімін жасауды ұсынды
      Қазақстанда жемқорлық жасағандардың тізімі жариялануы тиіс.
      Аудио тыңдау
      15/03/2019 15:31 0 2251
      Шелекте құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары: Басшылық кінәлі
      Шелекте құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары: Басшылық кінәлі
      Шелекте құдыққа түсіп қаза тапқан екі сантехниктің жақындары: Басшылық кінәлі
      "Біз өлімге кінәлілердің өз жазасын алғанын қалаймыз. Бірақ бұлар қылмысты ақырында жауып тастай ма деп қорқамыз"
      Аудио тыңдау
      15/03/2019 17:33 0 1187
      Тағы бір шенеунік пара алды деп айыпталуда
      Тағы бір шенеунік пара алды деп айыпталуда
      Тағы бір шенеунік пара алды деп айыпталуда
      Шенеунік алды деп айыптап отырған 60 миллион тенге 6 миллиард теңгенің 1 пайызы ғана
      Аудио тыңдау
      15/03/2019 22:57 2 1298
      "1 сәуірге дейін жәрдемақыны сұрап мазаламаңдар"
      "1 сәуірге дейін жәрдемақыны сұрап мазаламаңдар"
      "1 сәуірге дейін жәрдемақыны сұрап мазаламаңдар"
      Көмек сұрай барған алты баланың анасы Жанар Өмірбековаға мамандар осылай кеңес беріпті.
      Аудио тыңдау
      17/03/2019 19:03 0 501
      Жайықтағы балық қоры қалпына келу үшін қанша уақыт керек?
      Жайықтағы балық қоры қалпына келу үшін қанша уақыт керек?
      Жайықтағы балық қоры қалпына келу үшін қанша уақыт керек?
      Атырау тұрғындары Жайық өзенінен ауланған балықтарды сатып алуға қатты қорқып отыр.
      Аудио тыңдау
      18/03/2019 10:05 0 307
      Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
      Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
      Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?
      Полиция қызметкерлері халықты көше алаятарынан  абай болу керектігін  ескертеді.
      Аудио тыңдау
      18/03/2019 11:23 0 309
      Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
      Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
      Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
      Алаяқтың артында 4 қылмыстық эпизод бар
      Аудио тыңдау
      18/03/2019 16:01 0 762
      Полициядан лайфхак: телефон алаяқтарына алданып қалмас үшін не істеу керек?
      Полициядан лайфхак: телефон алаяқтарына алданып қалмас үшін не істеу керек?
      Полициядан лайфхак: телефон алаяқтарына алданып қалмас үшін не істеу керек?
      Телефон арқылы сөйлескенде алаяқ адам туысқаны болып танысады және қылмыс жасағаны үшін полиция қызметкерлерінің ұстап алғанын айтады.
      Аудио тыңдау
      19/03/2019 10:35 0 325
      Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
      Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
      Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма?
      Біртұтас «Қазақстан халқын» (кешегі Кеңес халқы «Қытайдағы» жұңхуа ұлты) қалай қалыптастырмақшымыз?
      Аудио тыңдау
      19/03/2019 15:09 0 1413
      Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
      Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
      Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
      Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.
      Аудио тыңдау
      20/03/2019 00:34 2 867
      Назарбаевқа деген халықтың қимастығы: Әкем өлгендей күй кешіп отырмын
      Назарбаевқа деген халықтың қимастығы: Әкем өлгендей күй кешіп отырмын
      Назарбаевқа деген халықтың қимастығы: Әкем өлгендей күй кешіп отырмын
      Енді не болатыны белгісіз. Ел үшін, жер үшін, ұрпақ үшін қорқамын.
      Аудио тыңдау
      20/03/2019 11:16 0 1081
      Мәулен Әшімбаев: Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы болып қала береді
      Мәулен Әшімбаев: Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы болып қала береді
      Мәулен Әшімбаев: Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы болып қала береді
      Барлық қазақстандықтар сияқты екіұдай сезімде отырғанымды жасырмаймын
      Аудио тыңдау
      20/03/2019 11:37 0 211
      Тоқаев мәлімдеме жасады
      Тоқаев мәлімдеме жасады
      Тоқаев мәлімдеме жасады
      2019 жылғы 20 наурызда 9.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда үш мәселе қаралды:
      Аудио тыңдау
      20/03/2019 11:54 0 648
      Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
      Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
      Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
      Бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады
      Аудио тыңдау
      20/03/2019 12:42 0 349
      Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
      Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
      Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
      Өндіріс саласына келген кезде жастар мемлекеттік тілде сөйлеуі керек.
      21/03/2019 12:41 0 182