• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:00:14
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 NEWS

Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» Жолдаудың жүзеге асырылуын қатаң бақылайды

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының стратегиялық күш әрі Мемлекет басшысының сенімді тірегі ретінде Елбасы тапсырмаларының сапалы

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаеы «Нұр Отан» партиясы Елбасының Жолдауының жүзеге асуын бақылауды күшететінін айтты. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Қызылорда облысына арнайы барған іс сапары кезінде айтты. Мәулен Әшімбаев аталмыш іс сапар барысында Мемлекет басшысы айтқан тапсырмалардың орындалуымен, алдағы жоспарлармен танысты.

Елбасы саяси кеңестің отырысында елдегі жетекші саяси күшке Бес әлеуметтік бастаманы іске асырумен қатар, тұрақты қоғамдық бақылау жүргізіп отыруды тапсырған болатын. Сонымен бірге Нұротандықтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жаңа Жолдауына қатысты да осындай міндет жүктелген болатын.

Іс сапар барысында Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысындағы «7-20-25» бағдарламасының іске асырылу барысымен де танысқан болатын. Атап айтар болсақ, облыс орталығында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы құрылыс барысын қадағалап, салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерді бақылады.

Мәулен Әшімбаевтың айтуы бойынша, Елбасының Жолдауындағы әрбір ұсыныстар мен тапсырмаларының стратегиялық маңызы бар.

«Жолдауда Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтып, оларды шешу үшін нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді шешу, тарифтерді шектеу, өңірлердегі жолдарды жөндеу, шағын және орта бизнесті қолдау және қоғамдық қауіпсіздік секілді мәселелер көтерілді. Сондықтан Елбасының ұсыныстарын бір реттік емес, керісінше жүйелі сипатқа ие деп айтуға толық негіз бар”, дейді Мәулен Әшімбаев.

Елбасы әкімдерге жеңілдетілген несие алу бойынша алғашқы салымды жергілікті бюджет есебінен ішінара субсидиялау туралы мәселені пысықтауды тапсырған болатын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру білікті ұстаздар, дәрігерлер, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түседі. Тап осындай бастаманы нұротандықтар «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асырылуын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жария еткен еді.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев жергілікті партия активімен кездесті. Онда ол Президент Жолдауын, бес әлеуметтік бастаманы және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ Елбасы тапсырмаларының орындалуына қоғамдық мониторинг ұйымдастыру туралы әңгімелеп берді.

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының стратегиялық күш әрі Мемлекет басшысының сенімді тірегі ретінде Елбасы тапсырмаларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алатынын тілге тиек етіп өтті.

Партия Жолдаудағы басымдықтардың жүзеге асырылуына жүйелі түрде қоғамдық бақылау жүргізеді. Тек бақылап қана қоймай, сол жұмыстарға тікелей қатысатын және соны қамтамасыз ететін басты күшке айналуды көздеп отырмыз. Бұл – Елбасының бізге беріп отырған нақты тапсырмасы. Қажет болса олқылықтарды жергілікті атқарушы органдар мен Үкіметтің алдына мәселе етіп қойып, оның әрі қарай сапалы және уақытылы орындалуын талап ету, тиімді жолдарын көрсету, барлық істе табандылық таныту да партияның міндеті болып саналады. Сондықтан «Нұр Отан» Жолдаудың жүзеге асырылуын қатаң бақылайды,– деді Мәулен Әшімбаев.

Қызылорда облысында халық санының өсуіне байланысты тұрғын үй өзекті мәселелердің қатарында. Қазірдің өзінде 27 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Аталған мәселені шешу үшін мұнда 1532 га жерге жаңа аудан салынуда. Онда тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, сауда және кеңсе ғимараттары, сондай-ақ жағалау аймағындағы қалалықтардың демалуы үшін саяжайлар, желекжолдар орналасатын болады. Бұл жерде таяу уақытта 320 орындық балабақша, жастар ресурс орталығы, «Болашақ» университетінің білім беру кампусы, неке сарайы, көп салалы емханасы бар аурухана, физика-математикалық мектеп және отбасылық медицина орталығы бой көтереді деп жоспарланған. Бүгінде қажетті инфрақұрылымдарды (газ, су, электр, жылу, жол) тартуға байланысты жұмыстар жүзеге асырылуда. Қызылорда облысында «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» қолға алынып, алғашқы салымсыз-ақ несиеге тұрғын үй сатып алуға жол ашылды. Осылайша, өңірде Президенттің Жолдауда айтқан баспанаға мұқтаж жандарға нақты көмек көрсету туралы тапсырмасы орындалуда.

Мәулен Әшімбаев

Аталмыш кездесу 4,5 мыңға жуық тұрғыны бар Сырдария ауданы, Шаған ауылдық аймағында болды. Аталмыш жиында партия Төрағасының бірінші орынбасары Жолдаудың Қазақстан халқы үшін аса маңызды екеніні бірнеше рет тілге тиек етіп, стратегиялық құжатта қарастырылған, бүкіл Қазақстан бойынша ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер ететін бірқатар мынандай әлеуметтік-маңызды іс-шараларға тоқталды:

  • Алдағы уақытта ең аз мөлшердегі жалақыны 1, 5 есе өседі;
  • Білім мен денсаулық саласына бөлінетін қаражат көбейеді;
  • Еңбек өнімділі мен ауыл шаруашылық өнімдері экспорты 2,5 есеге өседі.

«Партия Жолдаудағы басым­дық­тардың жүзеге асырылуына жүйе­лі түрде қоғамдық бақылау жүр­гізеді. Тек бақылап қой­май, сол жұмыстарға тікелей қа­ты­сатын және соны қамтамасыз ете­тін басты күшке айналуды көз­деп отырмыз. Бұл – Елба­сы­ның бізге беріп отырған нақты тап­сырмасы. Қажет болса ол­қы­лықтарды жергілікті атқарушы органдар мен Үкіметтің алдына мә­селе етіп қойып, оның ары қа­рай сапалы және уақытылы орын­далуын талап ету, тиімді жол­­­дарын көрсету, барлық істе та­бан­дылық таныту да партия­ның мін­деті болып саналады. Сон­­­дық­тан «Нұр Отан» Жолдау­дың жү­зеге асырылуын қатаң бақы­­­­лай­ды, – деді Мәулен Әшім­баев. Сондай-ақ партия Төра­ғасы­ның Бірінші орынбасары Сыр­да­рия ауданы Шаған ауылының хал­қымен де арнайы барып кез­десті. Бұл жерде «Нұр Отан» пар­тия­сы Төрағасының Бірінші орын­басары Жолдауды іске асыру еліміздің әр тұрғыны үшін маңызды екенін атап өтіп, ауыл хал­қының өмір сүру сапасына әсер ететін бірқатар әлеуметтік ша­раларға ерекше тоқталды. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе­ге өсіп, білім беру мен денсау­лық сақтауға бөлінетін қаражат­тың көбейетініне назар аударды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Елбасы ұсынған әлеуметтік іс-шараларды таяу уақытта еліміздің барлық ауыл тұрғындары сезіне бастайды», дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, Елбасы ұсынған әлеуметтік іс-шараларды таяу уақытта еліміздің барлық ауыл тұрғындары сезіне бастайды.

« Қызылордалықтар Жолдаудың көптеген басымдықтары бойынша өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдіруде. Алдағы уақытта олардың бәрін пысықтап, мемлекеттік органдармен ақылдасып, оларды әрі қарай іске асырылуына қолдау көрсететін боламыз. Яғни әр ұсыныс пен пікір жерде қалмай, ескерілетін болады»,– деді Мәулен Әшімбаев.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Қызылорда қаласында да жаңа партиялық бастамалардың іске асуымен танысып өтті.

Атап өтер болсақ, Мәулен Әшімбаев №3 ақпараттық-технологиялар мектеп-лицейінде болды. Аталмыш мектептің өзге мектептерден ерекшелігі сол, STEM жүйесі бойынша балаларды бағдарламалау мен робот техникасының негіздері бойынша оқыту үшін тегін IT-сыныптар ашылған. Биылғы жылдың соңына дейін оқышылардың қамтылу саны 100 адамды құрап отыр. Мәулен Әшімбаев мектеп туралы толығырақ білу үшін ұстаздармен әңгімелесті. Ұзтаздармен әңгімелесу кезінде Мәулен Әшімбаев мұғалімдердің дәрежесін көтеру туралы арнайы заңның дайындалып жатқанын айтып, ұстаздарды бір қуантып тастады. Аталмыш заңда ұстаздар мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін ынталандыру үшін барлық ынталандырулар, жүктеуді азайту, оларға тиесілі емес қызметтерден шектек қарастырылмақ.

Мемлекет басшысы Жолдауда жергілікті атқарушы органдарға денешынықтырудың көпшілікке қолжетімділігін арттырып, мектептердегі спорт құрал-жабдықтарын тиімді пайдаланып, аулалар, саябақтар, скверлерді спортпен шұғылдануға ыңғайлы етіп қайта жабдықтауды тапсырды. Нұротандықтар арнайы партиялық жоба аясында бұл жұмысқа кірісіп кетті.

Жергілікті мектеп-лицейде демеушілердің арқасында спорт алаңы жаңартылды. Енді бұл жерде оқушылар ғана емес, жақын маңайдағы тұрғындар да футбол, волейбол, баскетбол ойнап және басқа да спорт түрлерімен айналыса алады. Бүгінде аймақтағы 293 мектепте 682 спорт алаңы бар, оның 91-і футболға арналған алаң. 78-і жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта аймақтағы партиялықтар соларды қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жерде біртіндеп «Денсаулық сабақтары» атты тағы бір партиялық жоба енгізілетінін де атап өткен жөн. Аймақта барлығы 72 425 оқушы және 3 мың бастауыш сынып үшін тәрбие сағаттары, тренингтер, саламатты өмір салтын насихаттайтын сыныптан тыс сабақтар жүргізіледі. Мәулен Әшімбаев сонымен қатар, Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханадағы коворкинг-орталықтың жұмысымен танысты. Кітапханада book-кафе, коворкинг-орталық, «Шаңырақ» интеллектуалды орталығы, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхаметжановтың жеке кітапханасы, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Әбділдә Тәжібаевтың мұражайы, тағы да партиялық жоба аясында 40 маман дайындалып жатқан IT-парк бар.

«Нұр Отан» партиясының бастамасы аясында, дәстүрлі кітапхана жастардың жобалары мен өз пікірлерін ортаға салатын коворинг-орталық ретінде қызмет көрсетіп тұр. Қазіргі кезде аймақта 2 коворинг-орталық жұмыс істеп, облыстың аудандарында кітапханаларды жаңғырту жұмысы белсенді атқарылып жатыр.

Елбасының цифрландыру, шағын және орта бизнеске қолдау ісін жүзеге асыруда да облыстың озық тәжірибесін атап өткен жөн. Яғни облыста коммерциялық мақсаттағы жер телімдері туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ететін Геоақпараттық онлайн қызмет көрсететін жүйе құрылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша да облыста ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Осыған орай Мәулен Әшімбаев Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда Қызылорда облысының тәжірибесін өзге өңірлерде де қолданудың берері мол екенін тілге тиек етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір