• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:53:56
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2018 NEWS

Мәулен Әшімбаев Facebook-те өз парақшасын ашты

Мәулен Әшімбаев жеке аккаунт ашу бұрыннан жоспарда болғанын айтады.

"Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісінде тіркелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәулен Әшімбаев жеке аккаунтын ашу бұрыннан жоспарда болғанын айтады.  "Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары Facebook-те алғашқы жазбасын жариялады. 

—Уақыт өткен сайын интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Технологиялар да бір орында тұрмайды. Қоғамымыз да өзгеруде. Сондықтан біз де заманға сай өзгеріп, жетіле түсуге тиіспіз.

Жеке аккаунтымды ашу бұрыннан ойымда жүрген іс еді. Алайда, әртүрлі себептермен бұл бастама кейінге шегеріле берді.

Ал бүгінде партиямыз жаңғырудың жаңа биігіне бет түзеп, ауқымды жұмыстарды қолға алған шақта менің де Facebook-ке тіркелуім заңды құбылыс әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін. Себебі, бұл жерде әртүрлі идеялар көпшіліктің назарына ұсынылып, қызу талқыланатыны белгілі. Олардың арасында біздің саяси ұйым үшін де пайдалы болуы мүмкін өзекті ойлар айтылып жатады.

Сондықтан бізге де Facebook арқылы ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туатынына сенемін. Егер Сіздің «Нұр Отанның» жұмысына қатысты сындарлы пікіріңіз, партия қызметін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстарыңыз және басқа да мәселелерге қатысты ойларыңыз болса оны әрдайым жеке хабарлама арқылы немесе [email protected] электронды почтама хат ретінде жолдай аласыздар.

Өздеріңізден ұтымды ойлар мен парасатты пікірлер болатынына сенім білдіремін!, - деп жазды Мәулен Әшімбаев. 

Бұған дейін бірнеше шенеунік әлеуметтік желіге тіркелген болатын. Олардың арасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов бар. Аты аталған шенеуніктер парақшаларында қызметіне қатысты жаңалықтармен бөліседі. 

Қазақстанда халыққа жақын болу мақсатында әлеуметтік желіде өз парақшасын ашқан шенеуніктердің қатары көбейіп келеді. Халық ведомства басшысына көкейдегі сұрақтарды желі арқылы қойып, оған жауап ала алады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір