• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:33:25
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018 NEWS

Бұл туралы бүгін «NurOtanTalks» еркін ой алаңында айтылды. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шарада қатысушылар «Қазақстанды өзгерткен бастамалар» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы шешімдерінің ел дамуындағы рөлі мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Елбасымен бірге жұмыс істеуді өзіне берілген үлкен мүмкіндік деп есептейтінін айтып, Мемлекет басшысының көпке үлгі боларлық басты үш қасиетіне тоқталып өтті.

– Біріншіден, Елбасының үнемі өзін өзі жетілдіріп, ізденіп, жаңа, тың бастамаларды меңгерудегі табандылығын айрықша айтқым келеді. Бұл – нағыз көшбасшыға тән қасиет. Бәріміз, әсіресе жастар дәл осы қасиетті бойымызға сіңіріп, өзімізге үлгі етуіміз керек. Екінші ерекше қасиет ретінде Елбасының айрықша жауапкершілігі мен өзіне өзі жоғары талап қоятынын атап өтер едім. Мемлекет басшысы кез келген кездесу мен іс-шараға өте тыңғылықты әрі жан-жақты дайындалады. Өзіме ерекше әсер еткен Елбасының келесі қасиеті ұқыптылығы мен мұқияттылығы. Қандай тығыз жағдай болса да Мемлекет басшысы белгіленген іс-шараларды уақытында бастайды. Бұл – бүгінде билік тұтқасын ұстаған барша азаматтарға үлгі болатын қасиет. Президентіміздің осындай қасиеттерінен өзім де көп нәрсе үйреніп, мол тәжірибе жинадым, – деді Мәулен Әшімбаев.

Нұр Отан

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары еліміздің дамуына ерекше ықпал еткен Елбасының аса маңызды үш стратегиялық бастамасын атап өтті. Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы, елордамыздың Алматыдан Астанаға ауыстырылуы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстанды дамудың жаңа деңгейіне бастаған бастамалар.

Іс-шараға «Милосердие» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Аружан Саин, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және «Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Юрий Пя қатысып, Елбасымен кездесулерден алған әсерлерімен және тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір