• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:02:45
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2018 NEWS

Мәулен Әшімбаев БҚО-да Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында жүргізілген жұмыстарды саралады

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Облыс активі жиынында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, ақпараттық технологияларды барлық салада тиімді қолдану жайы талқыланды.

Бас қосуды ашқан облыс әкімі биылғы 1 маусымда өткен партияның саяси кеңесінде Елбасы, партия төрағасының партия қызметін жаңғырту аясында 20-дан астам жобаны жүзеге асыруды тапсырғанын айтты. Осы орайда партияның облыстық филиалымен ауқымды жұмыстар атқаруда.

- Нәтижесінде ауыл-аймақтарда жаңашыл бағыттағы қворкинг орталықтар ашылып, кітапханалардың жұмыстары жанданды, заман талаптарына сай қайта түледі. 8 IT сыныптар ашылып, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғыру, ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйрену үшін қолайлы орта қалыптастыру сияқты нақты жобаларымыз бар. Бастауыш партия ұйымдарына ерекше назар аударылып, олардың жұмысына қолдау көрсетіліп, оларға жүктеліп отырған нақты жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік берілді. Облысымызда партиялық кадрлар резервін белсенді саяси мемлекеттік және әкімшілік лауазымдарды ұсыну жұмыстары, меритократия принципінде қабілеттілігіне және іскерлігіне сай сайланбалы органдарға іріктеу жұмыстары жүргізіліп келеді, - деді Алтай Көлгінов.

90 пәтерлік тұрғын үй 7 айға жуық уақытта салынып бітті. Баспана бірінші кезекте үйге мұқтаж азаматтарға берілмек. Жартысы «7-20-25» бағдарламасы талаптарымен саудаланады. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қуаныш иелеріне пәтер кілттерін салтанатты  түрде табыстады.

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге аталмыш бағдарламаның өңірдегі алғашқы қатысушыларына пәтер кілттерін табыс етті.

Мәулен Әшімбаев «7-20-25» бағдарламасы қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі - баспана жайын тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама, әсіресе, жас отбасылар үшін үлкен мүмкіндік екендігін жеткізді.

7 айда өңірде 251 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Биыл облыс орталығында бір ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 21 тұрғын үй салынбақ. Қадешевтер әулетінде бүгін үлкен қуаныш. Үйдің кенжесі Айнаштың енді өз пәтері бар. Аудандық ауруханада заңгер болып қызмет істейтін ол «Тұрғын үй» жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинаған.

- Баспананы кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция десек те, артық емес. Осылайша Елбасы барша қазақстандықтардың үйлі болуына даңғыл жол ашып, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Осы сапар нәтижесінде бес бастаманың Батыс Қазақстан облысында табысты жүзеге асырылып жатқанына куә болдық. Алдағы уақытта да партия бұл жұмыстарды бақылауды жалғастыра береді, - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Айта кетейік, өңірде тұрғын үй қарқынды салынуда. Биылғы жеті айда 250 мың шаршы метрден астам баспана іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 415,7 мың шаршы метр, соның ішінде бес әлеуметтік бастаманың бірінші бағыты бойынша 46 мың шаршы метр тұрғын бой көтермекші. «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты екінші деңгейлі банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, БҚО бойынша 55 өтініш келіп түскен. Орал қаласы бойынша 19 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір