• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:09:51
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2017 Әлеумет

Мәскеуге жұмыс іздеп барған қазақ қыздарын күңдікте ұстап, аяусыз қорлаған

«Қазақстан» телеарнасында өмірдің сынына ұшырап, басқа түскен қиындықтармен арпалысып жүрген адамдардың тағдыры талқыға салынатын атақты

«Қазақстан» телеарнасында өмірдің сынына ұшырап, басқа түскен қиындықтармен арпалысып жүрген адамдардың тағдыры талқыға салынатын атақты «Айтуға оңай» бағдарламасы бәрімізге мәлім. Бірнеше тағдырларға қолдау көрсетіп, қол ұшын созатын бағдарлама бұл жолы Мәскеуде күңдікте болған қыздар жайында сөз қозғады.

«Қамшы» ақпараттық агенттігі жұмыс істеймін деп алданған қазақ қыздарының қиын тағдыры жайында деректерді оқырман назарына ұсынады.

Отбасы құндылығын жақсы түсінетін Айдана - ОҚО тұрғыны. Ата-анасына жеңілдік болсын деген ниетпен жұмыс іздейді. Болашақ қожайыныының қызы алғашында бала күтуші іздегенін айтып жұмысқа орналасырады. «Екі-үш ай істесең, айлығыңды да аласың, тегін тамақтанасың» дегенге алданған қыз бірден келісе кетеді.

Айта кетерлігі, жұмыс ұсынғандар өзіміздің қазақтар болған екен. Сол себепті де қызға анасы рұқсат еткен. Сөйтіп, Айдана Мәскеуге келген күні-ақ киімдерін, құжаттарын, телефонын алып қойған екен.

«Ең болмағанда анама аман-есен жеткенімді айтайын десем, сөйлесуге рұқсат бермеді. Маған жұмаққа келген жоқсың, жұмыс істеуге келдің деп дөрекілік танытты. Сол күні бір кесеге арақты толтырып құйып беріп, зорлап ішкізді. Бір қорап темекіні алдыма тізіп қойып осыны бітірмегенше тұрма деп қинады. Ол кезде мен әлі 17-демін. Ондай жаман әдеттерден аулақ едім», деп өткенін өкіне отырып есіне түсірді Айдана. Үңіліп қараған адамға Айдананың денесінде Мәскеуден қалған естеліктер көп.

Дүкен иелері қыздарды әбден азаптаған. Тәнінен қан шықпайынша тынышталмаған. Бірде өзге қыздың қашып шығуына көмектеспек болған Айдананы дүкен иесі ыстық суға күйдіріп, содан мұздатқышқа екі сағатқа қаамп қойған. Айданамен қоса дүкенде 15 қыз-жігіт жұмыс істеген.

Келесі кейіпкер – Зарина Әшірова. Ол 16 жасында Мәскеуге барған екен. Бұл қыздың да Мәскеуге барудағы мақсаты сол – анасына қаржылай көмектіскісі келген. Бара сала бар мүлкін алып алған. Зорлап арақ ішкізген. Жұмыс істеп жүрген қыз-жігіттерді бір-бірімен сөйлестірмеген. Ондайларын байқап қалса, жазалаған.

Сондай-ақ сол дүкендегі ер адамдарға қыздарды әдейі зорлатады екен.

«Ол жерде қыздарды зорлайды. Өз еркің өзіңде емес. Дауыс шығарып айғайлатпайды. Мені Жансұлудың (апалы-сіңлілердің бірі) әпкесінің баласымен қосты», - дейді Зарина.

Ал, сол жердегі жігіттерді нашаға отырғызып тастайды екен.

Заринаны анасы журналистер мен еріктілердің көмегімен 2012 жылы күңдіктен алып шыққан. Омен қоса 10 адам босатылды. Кейбір қыздарымыз балалы болып келген. Болған оқиғаны қыздар растап отыр. Әпке-сіңлілеріне өздерінің басынан өткерген қателікті қайталамауларын өтініп сұрады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір