• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:53:47
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Мәскеу түбіндегі апаттан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөні анықталды

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөні анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Апаттан жапа шеккендердің тізімі Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына жарияланды. Ажал құшқан жолаушылардың үшеуі — балалар.  

Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.  

Әзірге апатқа не себеп болғаны туралы ресми дерек жоқ. Тергеу комитетінің айтуынша,  қайғылы оқиға ауа райының нашарлауы, экипаждың қателігі, сондай-ақ техникалық ақау салдарынан болуы мүмкін. Оқиға орнынан бір қара жәшік табылды. Тергеу мен құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. 

Ресей президенті Владимир Путин адамдардың қаза болуына орай көңіл айтып, үкіметтік комиссия құруды тапсырды.   

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың арасында еліміз азаматтарының бар-жоғын анықтауда. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір