• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:39:13
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2019 NEWS

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Ақмола облысына жасаған сапарында айтты.

Сапар барысында ол Елбасының «Nur Otan» партиясыныңкезекті XVIII съезінде анықтап берген басымдықтарының облыста жүзеге асырылу барысымен танысты. Соған орай ол «Халыққа көмек» жобасы аясында қолға алынған Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінің қызметіне назар аударды. Аталған жүйенің іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаса да еліміз бойынша оң нәтижесін беруде. Соның ішінде Ақмола облысын ерекше атап өткен жөн. Өйткені өңірде әлеуметтік терезе арқылы 431 өтініш келіп түсіп, оның 43 пайызы дереу оң шешімін тапқан. Ал еліміз бойынша 2400-ден астам өтініш түсіп, оның 40 пайызы оң шешілген.

Сондай шешімдердің бірі Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен орын алды. Нақты айтқанда, қызының оқу ақысы үшін көмек сұрай келген көп балалы ана Үмітжан Қобыловаға қажетті сомада қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ оның пәтер жалдап тұратыны ескеріліп, баспана мәселесі де қаралып, облыс басшылығы тарапынан заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.

Нұр Отан

«Халыққа көмек» тікелей Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жоба. Сондықтан азаматтардың өтініштерін аяқсыз қалдырмай, белсенді жұмыс істеуіміз керек. Өйткені халықты алаңдатқан мәселелерді оң шешіп, жедел көмеккөрсету – біздің басты міндетіміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Партия Төрағасы анықтап берген маңызды басымдықтардың бірі «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Осы жоба аясында Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы көп балалы Қақжановтар отбасына арнайы ат басын бұрды. Бұған дейін бұл отбасы екі бөлмелі пәтерлерінің қалған сомасын өтеп, толығымен сатып алу үшін партиядан қолдау сұраған болатын. Партиялық жобаның арқасында бұл өтініштері орындалып, Қақжановтар отбасы өздерінің жеке баспаналарына қол жеткізді.

Сонымен қатар Ақмола облысына сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Көкшетау қаласындағы су басқан «Привокзальный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Аталған мәселеге байланысты Мәулен Әшімбаев партияның жергілікті филиалына төтенше жағдаймен күрес жұмыстарын бақылауда ұстап, зардап шеккен әр азаматтың мемлекет тарапынан берілетін міндетті көмекті алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ ол партияның аймақтық активімен кездесіп, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын пысықтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір