• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:52:26
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2019 Саясат

М.Әшімбаев: Елорда атауын өзгерту Елбасы саясатының мызғымастығының жарқын көрінісі

Алдымен ол Елбасы қашанда ел мен халықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс шешімдер қабылдайтынына назар аударды.

Елорда атауын өзгерту Елбасы саясатының мызғымастығының жарқын көрінісі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен ол Елбасы қашанда ел мен халықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс шешімдер қабылдайтынына назар аударды.

– Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президентіміздің есімі әрдайым мемлекеттілік, егемендік және Тәуелсіздік сияқты аса маңызды құндылықтармен бір қатарда тұрады. Қазірдің өзінде Елбасының есімі тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы, барлық реформалардың авторы, әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде тарихымызға алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол отырыста талқыланған астанамызды Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау мәселесі туралы сөз қозғап, оның маңызы туралы айтты.

– Елорда атауын өзгерту Елбасы саясатының мызғымастығының жарқын көрінісі. Бас қаламызға Тұңғыш Президентіміздің есімін беру арқылы біз барша қазақстандықтар мен халықаралық қауымдастыққа еліміздің даму жолында Елбасы саясаты одан әрі жалғасатынын көрсетеміз. Сондықтан бұл шешімді қолдай отырып, мұндай маңызды қадамды халықтың Елбасының тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап, астанамызды салудағы ерен еңбегіне көрсеткен зор құрметі деп қабылдаймыз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Отырысқа Коалиция мүшелері: елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Іс-шара соңында барша қазақстандықтарды Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған елдің стратегиялық басымдықтарына сөзбен де, іспен де толық қолдау көрсетуге және Елбасының Тәуелсіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, сондай-ақ, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға, астанамыздың атауын өзгерту туралы тарихи шешімге үн қосуға шақырған Үндеу қабылданды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір