• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:44:46
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Мас оқушылар бір қызды соққыға жығып, оқиға видеосын желіде таратқан (фото)

Анықталғандай, шабуыл жасаған қыздар оқиға барысында мас болған.

Алтай аймағындағы тергеушілер 14-15 жастағы  өз құрдастарының соққысына қалған мектеп оқушысының ісін тексеріп жатыр. Болған оқиғаны басқа оқушылар телефонға түсірген. Артынша видео әлеуметтік желіге жүктеліп, тарап кеткен. Бұл іспен аталған аймақтың Іздестіру комитеті айналысып жатыр, деп жазады Риа Новости.

«Әлеуметтік желідегі топтарда кәмелет жасқа толмаған қыздың соққының астында қалған видеосы тарады. Бұл оқиға Ресейдің Барнауыл қаласында болған. Бір топ мектеп оқушысы бір қызды таяқтың астына алған», — делінген хабарламада.

Аталған айғақтар бойынша тергеу ісі басталды.

Altapress.ru сайтының мәліметінше, видеоға асфальтте жатқан қыздың бетін  өзімен құрдас екі қыз теуіп жатқаны түсірілген.

  altapress.ru

Анықталғандай,  шабуыл жасаған қыздар оқиға барысында мас болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір