• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:42:42
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 NEWS

Marvel: 11 күнде 2 миллиард доллар табыс тапты

Әлемдік кино тарихындағы 2 млрд доллар касса жинаған бесінші фильм

Америкалық Marvel киностудиясы түсірген фантастикалық фильм қысқа уақыттың ішінде 2,189 млрд доллар түсім түсірген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы компанияның ресми сайтында айтылды.

"Кек алушылар" фильмі әлемдік кино тарихында 2 млрд доллар касса жинаған бесінші фильм. Онымен қоса,аталмыш кинокартина бұл көрсеткішті басқа фильмдерге қарағанда жылдам бағындырған. Үздік бестіктің қатарына қосылу үшін "Кек алушылар" фильміне бар болғаны 11 күн уақыт қажет болған.

Әлемдегі рекордтық касса жинаған фильмдердің қатарында "Аватар"(2,788 млрд доллар), "Титаник"(2,187 млрд доллар), "Звёздные войны: Пробуждение силы" (2,068 млрд доллар) және "Мстители: Война бесконечности" (2,048 млрд доллар) фильмдері бар. Осылайша, 24-сәуірде қалың көрерменге жол тартқан туынды қаржы түсіру жағынан тек қана Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильміне ғана жол беріп тұр.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір