• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:21:11
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

Марсқа ұшу қай уақытқа жоспарланып отыр?

Ең көңілге қонымдысы 2027 жылы Марсқа аттануға болады

Мамандардың шамалауы бойынша, Марс ғаламшарына 2039 жылға дейін жан баласы табан тіремейді. Бірақ НАСА Қызыл ғаламшарға 2033 жылы адам аттандырмақ, бұл орындалмай қалуы мүмкін, егер олар өте баяу қимылдайтын болса деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме бере отырып.

НАСА директоры Джима Брайденстайнның сөзіне сенсек ,2024 жылы Айға ғарышкерлер аттанса, қысқа уақыт ішінде Марсқа бару тапсырмасын да орындайды.Бірақ та ғарыштағы жағдайды бақылау комитеті, Линдон Джонсон атындағы Ғарыш Орталығының бас жетекші маманы Роберт Говард 2037 жылға дейін өзге ғаламшарға ешкім саяхат жасамайтынын растады. Пікірлердің ең көңілге қонымдысы 2027 жылы Марсқа аттануға болады, оның өзі сандырақ болуы мүмкін.

Ғарыш сапары саясат пен бөлінген қаржыға, жылдамдыққа, НАСА-ның техникалық ақауларды шешуіне байланысты, сонымен қатар скафандр дайындау қажет. Барлығы кері түрде болған жағдайда, кемінде 2060 - жылы Марсқа жол ашылады.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір