• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:20:04
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Марқұм Бақытнұрдың адвокаты: Соттан Ильяс Кардың жазасын жеңілдетуін сұрадық

Біз материалдық шығын талап еткеннен кейін, қылмыскердің жазасын жеңілдетуін сұрадық. Сот  оны есепке алған жоқ.

Бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық соты 3 адам қаза тапқан жол апатына себепкер болған Ильяс Карға үкім шығарды. Сот шешімі бойынша Ильяс Кар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал жәбірленуші тарап соттан қылмыскердің жазасын жеңілдетуді сұраған. Себебі Кар 4 жәбірленушінің моральдық шығынын өтеп берген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне марқұм болған жүргізуші Бақытнұрдың Құнапияұлының адвокаты Ержігіт Нұртайұлы айтты. 

"Сот шешімі қанағаттандырды. Марқұм Бақытнұрдың ағалары Қытайдан келді.Жәбірленуші жақ 3 млн тг. моральдық шығын талап етті. Талабымызды орындалды. Шығынды төлеп берді. Сот шешімі қылмыскерге максималды түрде 10 жыл беріп отыр. Біз материалдық шығын талап еткеннен кейін, қылмыскердің жазасын жеңілдетуін сұрадық. Сот  оны есепке алған жоқ. Ең жоғарғы жазаны берді", –деді Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаты Ержігіт Нұртайұлы. 

Еске сала кетейік, Алматы қаласында өткен жылдың 29 желтоқсанында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатн. Бүкіл елді есеңгіреткен бұл оқиғаға Gelendwagen маркалы көлік мінген кәсіпкер Ильяс Кар себепкер болған.

Ол 120 км/сағ жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Mitsubishi көлігін соғып өткен еді. Жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова және такси жүргізушісінің туыстары апатқа кінәлі дүнген азаматын сотқа беріп, тергеу жұмыстары бір айдан аса уақыт жүргізіліп, жақында оның соты басталып, бүгін аяқталды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір