• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:53:50
Алматы
+35°

31 Желтоқсан, 2018 Әлеумет

Марқұм актрисаның өмірінен естелік: енесінің жақсылығын кеш түсінген...

Шолпан Елгезекованың өмірінен естелік жазған режиссер Гүлсина Мерғалиева құрбысының қазасына әлі де сене алмайды.

(фото "Шабдалы" көркем-фильмінен)

2018 жылдың 29 желтоқсанында қазақ өнері майталманынан, ата-ана сүйікті қызынан, бала аяулы анасынан айырылды. Абай-Сейфуллин көшелерінің қиылысында таңғы сағат 5-тер шамасында орын алған жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Соның бірі – кино және театр актрисасы, "Шабдалы" көркем фильмінде басты рөлді сомдаған Шолпан Елгезекова. Актрисаның қазасы барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Достары, әріптестері, туғандары Елгезекованың өмірінен естеліктер айтып, дұғада екендерін жеткізіп жатты.

"Қара жамылып, қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ата-анасының қасында болдық. "Анасының жүрегі ауыратын еді, басқа бөлмеге барып жылап келейін..." деген әкенің жанарындағы жасын көріп, көз жасыңа ерік бермеу мүмкін емес еді. Шолпан қыз ғазиз басын сәждеге қойып үлгерді. Жаның жәннатта болсын, Шопалек", - деп толғанды Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасына.

Шолпан Елгезекованың өмірінен естелік жазған режиссер Гүлсина Мерғалиева құрбысының қазасына әлі де сене алмайды.

"Шолпан енді жоқ. Кешір мені, Алла Тағала, бірақ жаға ұстатарлық хабар болды. Театр және кино актрисасы. Өзінің қуыршақ театрын қалыптастырушы. Ана, құрбы және кәсіби маман. Ең бастысы - адам. Иманды бол, досым, өкінішті...

Бірде ол маған өзінің енесі жайлы айтып берді.

Оқиға студенттік шағында болған. Уыздай жас кезінде тұрмыс құрып, дүниеге айдай қыз әкеледі. Сол кезде енесі 40 күнге дейін Шолпанның жуынуына, сыртқа шығуына, ауыр зат көтеруіне тыйым салған екен. Келінінің қамқорлығын толықтай өз мойнына алған. Тек сорпа қайнатып береді. Шолпанның денесінен тері су секілді ағатын. Алайда үстінен сүттің иісі мүңкіп тұрды. Сәбиін еміздірген соң денесін сулы орамалмен сүртіп отыратын. Шолпан да енесіне бағынды. Түні бойы енесі келінінің су болып қалған іш көйлегін ауыстырып отыратын. Мұндай сәт 40 күнге жалғасты.

Ал одан кейін ғажайып орнады. Тазарған, айыққан Шолпан мүлдем ауырмаған. Енесі жайлы қашан да жылы сөздер айтып отыратын, оның мейірімін ешқашан ұмытқан емес".

Айта кетейік, Шолпан Елгезекова 29 желтоқсан таңға жуық жол апатынан қайтыс болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Mersedes Gelandewagen бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кетіп, актриса отырған көлікке соғылады. Соның салдарынан Елгезекова мен Mitsubishi Galant жүргізушісі оқиға орнында ажал құтшты. Ал тағы бір жолаушы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді. 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір