• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:56:14
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 NEWS

Марғұлан Сейсембай: Мен кеменің апатқа ұшырағанын өз көзіммен көрдім (видео)

Желі қолданушы ғарыш кемесін ұшыру сәті – туристік потенциалы бар шара екенін, алайда Қазақстан оны кәдесіне дұрыс пайдалана алмай жатқанын да айтып өтті.

Кеше, яғни 11 қазанда Байқоңыр айлағынан ұшырылған "Союз МС-10" ғарыш кемесінен ақау шығып, соның салдарынан кеме апатқа ұшыраған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Зымыран-тасығышының ұшып, экипаж отырған капсула одан ажырап, "баллистикалық төмен бағыт алу режимімен" Жерге қайта бет алғанына куә болған Марғұлан Сейсембай Facebook парақшасында апаттың видеосын жариялап, көзімен көргенін жазды.

«Бүгін Байқоңырда "Союз СМ-1" xалықаралық (Ресей/АҚШ) экипажімен басқарылатын ғарыш кемесінің ұшуы мен апатына куә болдым. 60 секундтан кейін бірінші бөлігі уақытынан ерте бөлініп ғарыш кемесі қуатынан айырылып ғарышкерлердің капсуласы Жезқазған қаласынан 20 шақырым жерге келіп қонды. Ғарыш кемесі қаңқасының құлаған жерін әлі белгіленуде. Аллаға шүкір, ғарышкерлер аман есен. Ғарыш кемесінің жанар майы - керосин. Жеріміз бүлінбеді. Бұл "Союз" кемелерінің 1975 жылдан бері бірінші құлағаны. Мен кеменің сәтті ұшырылғаны мен апатқа ұшырағанының куәсі болдым», - деп жазды Марғұлан Сейсембай.

•Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесінде төтенше жағдай орын алды (видео)

Желі қолданушы ғарыш кемесін ұшыру сәті – туристік потенциалы бар шара екенін, алайда Қазақстан оны кәдесіне дұрыс пайдалана алмай жатқанын да айтып өтті.

«Туристер көп екен. 500-700 турист болды. Оқушылар да болды. Туристердің жағдайын ойластырмаған. Көп жерлерде дәретxана жоқ. Ғарышты ұшыру процессі жай аспанға күнделікті ұшақ жібергендей болды. Жолдары жаман, құлап жатқан үйлерден басқа кішкентай қалашықтар да қурап жатыр. Неге ресейліктер бұны жөндемейді, неге бұған дұрыс қарамайды? деген сұраққа ресейліктер "Бұл Қазақстанның жері, біз жалға алып отырмыз" деп жауап қайтарады. Ал біздікілер өз жерінде өгей баланың күйін кешуде” деп жазды Марғұлан Сейсембай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір