• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:39:59
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2018 Саясат

Марғұлан Сейсембаев: Қоғамда сенім артпай, күмән сейілмей, идеология жайлы айту бекер

Қоғамдағы сенімсіздік – өте қауіпті нәрсе. Сенімсіздік болған жерде ешқандай идеология жүрмейді.

Қоғамдағы идеология дауы сейілмей тұр. Қарашаның басында Астанада өткен форумда Марғұлан Сейсембаевтың идеология тұрғысында айтқандары әлеуметтің талқысына түсті. Бизнесменнің айтуынша, мемлекетте идеологиялық саясат жұмыс істемейді. Күні кеше Марғұлан Сейсембаевтың мұндай пікіріне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жауап берген еді. Министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасын алға тартып, жастардың өзгеріске ұмтылып жатқанын айтқан. Абаевтың жауабына алғыс білдірген Марғұлан Сейсембаев өз айтқанына қайтпады. "Қоғамда идеология жоқ" дейді.

Бизнесменнің минитсрге видео түріндегі жауабы төменде. 

Құрметті Дәурен Абаев мырза!

Біріншіден, маған осылай сауатты жауап бергеніңіз үшін көп рақмет! Шынын айтсам, мұндай жауапты күтпедім. Үкімет тарапынан осылай қоғаммен пікір алысып, өзекті мәселелерді талқылауға дайындық көрсеткен әрекетіңіз мақтан тұтарлық іс. Әрине, үкімет тарапынан идеология саласына жасалып жатқан жұмыстар өте көп, қабылданған бағдарламалар өте жақсы, мақсаттары дұрыс. Бірақ сіз айтқан сөздермен келісе отырып, қоғамның көкірегінде жүрген бірнеше мәселені талқылағым келіп отыр. Идеология – қоғамның жүрегіне сіңіп, ойын арбап, алға жетелемесе, келешекке деген сенімділік туғызбаса, менің ойымша, ондай идеология өзінің бар күш-қуатымен жұмыс жасамайды. Оның басты себебі, қоғамдағы сенбеушілік: шенеуніктерге, бизнесмендерге, тіпті өзара бір-біріне сенбейді. Қоғамдағы сенімсіздік – өте қауіпті нәрсе. Сенімсіздік болған жерде ешқандай идеология жүрмейді. Өзіңіз де байқаған боларсыз, әлеуметтік желіде болып жатқан дауларға қарасаңыздар, бәрі бір-біріне жау. Бұл өте жаман белгі. Осының кесірінен көрші елдердің агрессивтік идеологиясы оп-оңай сіңіп кетеді. Сондықтан ұлттық бөлініс пайда болып келе жатыр. Ертең елімізге қандай да бір қатер туса, еліміз талан-таражға салынып кетуі мүмкін. Соны ескере отырып, қазірден бастап ел болып, қоғам болып барлық мәселелерді бірге ақылдасып шешкен дұрыс деп ойлаймын. Келесі жыл жалпы жаһанға қиын жыл болайын деп тұр. Құнды қағаздардың нарығы мен шикізат тауарларының бағасы құздан құлаған тастай болып келе жатыр. Мұның бәрі мемлекетімізге үлкен сын болады. Сол себепті, бір-бірімізге деген сенімділікті күшейту үшін үш шарт жасауымыз керек:

Бірінші – бір-бірімізді есту, тыңдау, түсіну, өзгенің пікір айтуына мүмкіндік беру;

Екінші – айтылған сөз бен істеген істің бірлігі;

Үшінші – істеген іс пен оның нәтижесіне жауапкершілік.

Осы үш шартты қоғам (шенеунік, бизнесмен, я мұғалім) болып орындасақ, арамыздағы сенімсіздік мұзы ериды. Сонда ғана бізді жау алмай, таламай, бөлмей, өркениетті елдер қатарына кіре аламыз деп сенемін. Біз бақытты елміз, бірақ қолдағы Тәуелсіздікке ие бола алмасақ, тарихи мүмкіндігімізді қолдана алмасақ, ұрпағымыздың, қазақ халқының қарғысына қаламыз. Осының бәрін орындауға, бірігіп жұмыс істеуге дайынбыз.

Дәуке, жауабыңызға тағы да рақмет айтамын. Сәлеммен Марғұлан!

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір