• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:16:00
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 NEWS

Марат Ерсайынұлы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Елбасының жарлығымен ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Шайхутдинов Марат Ерсайынұлы тағайындалды

Елбасының жарлығымен ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Шайхутдинов Марат Ерсайынұлы тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін ол ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 

Марат Ерсайынұлы 1959 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Ерсайынұлының алғашқы еңбек жолы Қарағанды қаласынан бастаған. 

2009-2015 жылдар аралығында ҚР Қауіпсіздік кеңесінің көмекшісі болып қызмет атқарған. 

2015 жылдан бастап ҚР Қауіпсіздік кеңесінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

"Құрмет", II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған. 

Марат Ерсайынұлы 7 монографияның авторы, 100-ге жуық ғылыми мақала жазған. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір