Марафонда "әділ сайлауды" талап еткен қыздың соттағы сөзі

Марафонда "әділ сайлауды" талап еткен қыздың соттағы сөзі
Ⓒadamdar.ca

21-сәуірдің кешінде Алматы қаласында белсенді азаматтар – Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтің соты болды.

Екі азаматқа марафон кезінде "Шындықтан қаша алмайсың" ("От правды не убежишь"), #AdilSailayUshin ("За честные выборы") деген жазулары бар плакаттарды көтеріп, назар аудартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық деп есептеліп, 448-баптың 3-тармағымен айыпталды. Сот шешімі екі азаматқа да 15 тәулік қамау жазасын тағайындады.

Сот залында Әсия Төлесова өздерінің әрекеттерін түсіндіру мақсатында күллі қауым алдында сөз сөйледі. Өзінің сотқа, экологияға, спортқа, демократиялық құндылықтарға, Денис Тенге деген көзқарасын ақтарыла айтты.

Әрі қарай қазы мен айыпталушы қыздың әңгімесін диалог ретінде өрбітейік.

Орыны: Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты

Әсия Төлесова: 9-маусымды бізде кезектен тыс сайлау күні деп жариялады. Біз енді әділ сайлау өткізіп, ел сүйетін үміткерді таңдай аламыз. Бұл – әрбір қазақстандықтың өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі.

Бірақ қазірдің өзінде жеке азаматтар өздерінің үміткерлігін ұсына алмайды. Біздің флэшмоб дәл осы мәселеге бағытталған. Біздің қалауымыз – ешқандай жүйеге бағынбайтын тәуелсіз сайлау өткізу.

Менің ойымша, қазір болып жатқан нәрсенің бәрі  қылмыс. Мемлекеттің азамат ретінде менің алдымдағы қылмысы. Бұл сөзді бізге еркіндік беретін, сөз бостандығын беретін Ата заңымызға сүйене отырып айттым.

М. Абраев (қазы): Мақсаттарыңыз қандай?

Әсия Төлесова: Мақсат – азаматтарды әділ сайлау өткізуді талап ету үшін басын біріктіру. Кез-келген сайлауда. ҚР президентін сайлауда, сот қазыларын, әкімдерді сайлауда да осыны ескеру керек. Біз, заң бойынша мемлекеттік биліктің халықпен санасқанын қалаймыз.

Прокурор: Сіз осы уақытқа дейін баннер марафонға қатысты дедіңіз. Қазіргі сөздеріңізге сенсек, оның саясатқа да қатысы болды ғой?

Әсия Төлесова: Әрине. Менің ойымша, бұл – жан-жақты әрі ащы шындықты бейнелейтін баннер. Адамдар шындықтан қашады. Тіпті, біздің қасымызға жанасқысы келгендер де ақыр аяғында марафонға қатысқан болып шыға келді. Шындықты айта бастасақ, біз Қазақстанның бірқатар дерттерін ұмыт қалдырамыз. Мысалы, құқық қорғау органдарындағы жемқорлық, соттағы жемқорлық, тіпті, Алматының ауасын жақсартудағы жемқорлық. Айта берсек, таусылмайды.

Прокурор: Баннердің спортқа да, марафонға да қатысы жоқ дегенге келісесіз бе?

Әсия Төлесова: Баннердің спортқа қатысы бар, әрине. Мына нәрсені айтқымыз келді: жүгіре білген жақсы, ал спорт пен азаматтық позицияны тең ұстау – тамаша.

Прокурор: Жақсы. Ал баннердегі мәтіннің мағынасы қандай?

Әсия Төлесова: "Менде таңдау бар" деген менде таңдау бар деген сөз. Адамдар өздерінің таңдауы бар екенін, біз жұмыс жасайтын демократиялық институттарды орнатуымыз керек екенін түсінуі шарт. Бізге халыққа бағынатын, халықтың тұрмыс-тіршілігіне алаңдайтын президент керек.

Міне, осындай қарапайым талаптар. Менің ойымша, сіздер де бұл талаптарды қолдайсыздар деген ойдамын. Сіздер Үсеновтің екінші рет сіздің балаңызды немесе қызыңызды қан-жоса еткеніне қарсысыздар ғой?! Түсінесіздер ме?! Міне, осындай қарапайым талаптар. Біз жемқорлыққа, студенттерді күштеп дауыс бергізуге қарсымыз.

Прокурор: Тақырыптан ауытқымайық. Оқиға бойынша сөйлесеңіз.

Әсия Төлесова: Бұлардың бәрі оқиға бойынша. Барлығы бір баннерге сыйып кеткен. Түсінесіз бе?

Біз студенттерді бұйрықпен дауыс беруден арылуға, қазыларды кінәлі адамдарды ғана жазалауға, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін саяси белсенділерді аңдымауға, халықты қорғауға үйреткіміз келеді. Өмір сүргісі келетін, үй салғысы келетін адамдар бар. Бейбарыс екеуміздің бастамамыз осыларды көрсеткісі келді.

Прокурор мырза, сот мырза, хатшылар, менің ойымша, сіздердің барлығыңыз осыны қалайсыздар. Оның ішінде мен де бармын. Осы жердегі азаматтардың барлығы соны қалайды. Бізде қазір қиын әрі өтпелі кезең екенін түсінемін. Бірақ біз ойымызды қазір ашық айтып үйренбесек, кейін кеш болады. Құлдыраған күйі елді жоғалтамыз, әйтпесе...

Бұл – кішкентай ғана баннер. Бұл — жан айқайы. Біз қатарларымызға өзіміздің үлкен мүмкіндігіміз бар екенін, жаңашылдыққа үйрену керектігін жеткізгіміз келді. Студенттер өздерін дамытсын! Олар өз ойларын ашық айта алсын! Оларға бостандық берілсін! Сіздер балаларыңыздың айнасын біреу ұрлап, оны қуған кезде пышақталып қалады деп қорықпаңыздар!

Сіздер де осындай мемлекетті қалайсыздар ғой?! Бірақ қазір біз тек түсімізде көретін институттарды дамытпасақ, бәрі бос сөз. Шешім қабылдау керек. Сіздер өздеріңіздің ақылдарыңыз бен жан дүниелеріңізге дақ түсірген институттардан шығып, үйге келгенде әке ретінде, ана ретінде балаларыңызға мен айтқан Қазақстанды тілейсіздер ғой. Бірақ шешім қабылданбайтыны өкінішті...

Қазы: Әсия Тасболатқызы, оқиға бойынша сөйлесеңіз

Әсия Төлесова: Оқиғадан ауытқыған жоқпын. Баннер бәрін қамтиды деген қиындау естіледі. Бірақ Бейбарыс екеуміз шыққан уақытта осы ой екеумізде де болды. Мен түсінбеймін, біздің елде 20 жасар жігітке де ауыз аштырмайды. Ол (Бейбарыс) әскерге барды, әскерден қашқан жоқ. Әскерден келген бетте "Әділ сайлау өткізейік" дегені үшін 15 тәулікке қамалды.

Қазы: Баннер саяси көзқарас ұстанады ма?

Әсия Төлесова: Саяси көзқарастан да алшақ емес.

Қазы: Бұл пикет пе? Бейбіт пикет пе?

Әсия Төлесова: "Пикет" деген не? Маған түсіндіріп өтіңізші. Меніңше, флэшмоб шығар.

Қазы: Саяси мәселелерді көтеретін бейбіт шеру. Солай ма?

Әсия Төлесова: Әрине. Бірақ... бірақ мынаған назар аударыңыз: мен «алматылықтарға таза ауа керек» десем де, бұл – саяси мәселе. Біздің бар өміріміз саясат, түсінесіз бе?!

Әсия Төлесова сөз соңында сот қазысына: "Мен Бейбарыс бостандыққа шыққанша оның жанында отыруды қалаймын", - деп емеурін білдірді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 4 апта бұрын

    Ия бул биздин барлыгымыз айтуга коркып журген маселемиз

    • 3 апта бұрын

      Осы бастама əділ негізіндегі, мен қолдаймын және дайынмын! Біздің елде жемқорлық белең алған, бұл болашақ жоқ деген қағида!

      1
      "Тірісінде болмап еді бағалы..."
      21/05 16:41 0 48
      2
      Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
      21/05 16:24 0 52
      3
      Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықдар қаншада тамашалай алады?
      21/05 16:22 0 62
      "1 секундта ақшаңыздан айырыласыз": Әккі алаяқтардың жаңа айласы қандай?
      21/05 15:55 0 118
      XYZ - ұрпақтар теориясы. Қазір қай буынның өкілі белсенді?
      21/05 15:46 0 87

      Таныстырылғандар

      Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
      Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
      Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
      Ешқандай саяси лауазымды қызметтерді атқармайтынын айтты.
      Аудио тыңдау
      17/05/2019 10:10 0 633
      Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
      Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
      Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
      Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады
      Аудио тыңдау
      17/05/2019 18:32 0 1005
      Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
      Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
      Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?
      Қазір "кандидат қатарлы" үгіт-насихат науқанында жұмыс жасауда.
      Аудио тыңдау
      18/05/2019 02:54 0 1471
      Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
      Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
      Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
      Кейін министр өзінің бір күндік өмірі турал айтып берді.
      Аудио тыңдау
      18/05/2019 22:46 2 1775
      Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
      Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
      Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
      Бұрын-соңды ешбір сайлауда ел халқы дәл бұлайша, білек сыбанып, белсенділік танытқан емес.
      Аудио тыңдау
      19/05/2019 14:01 0 2238
      "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
      "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
      "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
      Сайлауға қатысып жатқан жеті кандидаттың алтауын "биліктің қолдан жасаған қуыршағына" теңеген.
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 03:42 0 3980
      Зеленский: Суретім  еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
      Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
      Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
      Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінен кейін сөзінде Жоғары Раданы тарату туралы бұйрық берді
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 14:13 0 1550
      Зеленский “кет” деді. Кетті!
      Зеленский “кет” деді. Кетті!
      Зеленский “кет” деді. Кетті!
      Украинаның қорғаныс министрі Степан Полторак мен Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак оставкаға кетті
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 14:38 0 1365
      Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
      Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
      Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
      Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңізге алғысымыз шексіз, Олег мырза!
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 15:43 0 2029
      Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
      Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
      Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
      Ереванда тұрғындар сот ғимараттарын қоршап алды
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 15:55 0 1957
      Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес жөнінде кеңес өткізді (видео)
      Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес жөнінде кеңес өткізді (видео)
      Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес жөнінде кеңес өткізді (видео)
      Мемлекеттік қызметкерлер жемқорлық бойынша істі болған жағдайда оның басшылары қызметінен кетуі тиіс екенін айтты
      Аудио тыңдау
      20/05/2019 19:20 2 179
      Бектас Бекназаров Зеленскиймен кездесті
      Бектас Бекназаров Зеленскиймен кездесті
      Бектас Бекназаров Зеленскиймен кездесті
      Сондай-ақ, кездесу барысында қазақстандық-украиналық қарым-қатынастың белсенділігін арттыру мәселесі сөз болды.
      Аудио тыңдау
      21/05/2019 11:04 0 275
      Тоқаев: "Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің мәні бар ма?"
      Тоқаев: "Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің мәні бар ма?"
      Тоқаев: "Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің мәні бар ма?"
      Қасым-Жомарт Тоқаевтың біз сол кезде білмеген қырлары оның әлемдік деңгейдегі саяси салмағы мен беделін бұрынғыдан да арттыра түскен болатын.
      21/05/2019 13:39 0 115
      "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
      "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
      "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
      Барлығы Украинадағыдай болғанын қалайды, бірақ Украина Қазақстандағыдай жасап жатыр
      21/05/2019 14:02 0 413
      Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
      Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
      Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
      Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
      21/05/2019 16:24 0 52