• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:35:06
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 Спорт

Мақтанышымыз Баландин Азия ойындарының финалына өтті

Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол іріктеу кезеңінде мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші - 1.00.07. Бірінші орында біздің спортшыдан сәл ғана озып кеткен қытайлық спортшы тұр.

Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Дәл осы қашықтықта Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

Ал осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Әлібек Қамзенов іріктеу кезеңінде 14-ші орынға шығып, жарыстан тыс қалса, тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде 52.99 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Әділбек Мусин өз тобында Рио Олимпиадасының чемпионы, сингапурлық Джозеф Скулингті ғана алдына жіберіп, екінші нәтиже көрсетті.

Жалпы есепте 5-ші орын алған жерлесіміз енді финалдық бәсекеде бақ сынайды.

Ал, ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 17:00-де өтеді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір