• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:56:48
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Спорт

Мақтаарал ауданына Қанат Ислам қонаққа келді

Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды.

Бүгін Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды.

Қанат Ислам

Ең алдымен құттықтау сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан құрылған ауданға танымал боксшының келуі үлкен қуаныш екенін атап өтіп, ізгі тілегін арнады.

«Бүгін ауданымызға бүкіл әлемге танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қонаққа келді. Бұл жаңадан құрылған ауданымыз үшін, мақтааралдықтар үшін зор қуаныш! Қанаттың әрбір жекпе-жегін мақтааралдықтар жан күйдіре отырып тамашалайды. Оның рингтегі әрбір соққысы еліміздің намысын, абыройын көтеруге бағытталған. Ол - рухы биік, өр мінезді, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматы. Мақтаарал ауданының әкімдігі жергілікті жерден мықты спортшыларды, кәсіпқой боксшыларды дайындап шығару үшін Қанат Ислам сияқты тұлғаларды насихаттауды тоқтатпайды. Сондықтан, киелі Мақтаарал ауданына келгеніңіз үшін Сізге алғысымды білдіре отырып деніңізге саулық тілеймін. Еліміздің көк туын желбіретуден шаршамаңыз!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Ізгі тілегін арнаған аудан әкімі қазақ батырының астына тұлпар мінгізіп, үстіне шапан жапты. Сондай-ақ, Қанат Исламмен бірге келген түйе палуан, «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Жұманазар Ерсұлтановқа алғысын білдірді. 

Қанат Ислам

Жиын барысында Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға ақыл-кеңесін айтып, мастер-класс өткізді. Мақтааралдағы спорт мектептерінің тәлімгерлері қазақ батырымен жаттығу жасап, дәріс үйренді. Сондай-ақ, Қанат Ислам Мақтаарал агроколледжіне аялдап, студент жастармен кездесті. Кездесуде патриоттық тақырыптағы әңгімелер айтылып, еркін сұхбат құрылды.

Айта кетейік, Қанат Ислам 2012 жылы «Арландар» сапынан кетіп, кәсіпқой бокспен айналыса бастады. АҚШ-тың промоутерлік компанияларымен келісімшартқа отырып, осы уақытқа дейін 25 жекпе жек өткізеді және оның барлығын да түгелдей жеңіспен аяқтайды. Оның ішінде 20-сын нокаутпен жеңеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір