• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:12:02
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2017 Әлеумет

Мақпал Жұмабайдың «Жалғызым» аудиоальбомы жарық көрмек

"Қамшы" порталы оқырман қауымнан сүйінші сұрайды. Өз өлеңін әуенге салып орындайтын алайда әнші емес, ақын қыз Мақпал Жұмабайдың "мақамды...

"Қамшы" порталы оқырман қауымнан сүйінші сұрайды. Өз өлеңін әуенге салып орындайтын алайда әнші емес, ақын қыз Мақпал Жұмабайдың "мақамды жырларынан" тұратын аудиоальбом тыңдарманға жол тартатын болады. Бұл жөнінде қуанышы қойнына сыймаған Мақпал былай деп жазады: "Менің мақамды жырларымның болашағына сенген адамдардың бәрін құттықтағым келеді. Осы жобам ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобалар грантын жеңіп алды бүгін. Жобам бойынша онға жуық мақамды жырымның студиялық өңдеуі жасалып, мың данадан тұратын "Жалғызым" деп аталатын аудиоальбом жарық көреді. Әрі бұл аудиоальбом кезі келгенде тегін таратылады. Осы жобам бойынша жұмыс барысын өздеріңізбен бөлісіп отырамын". Өз атымыздан ақын қызды жетістігімен құттықтай отыра, шығармашылық табыс пен өрлеу тілейтінімізді жеткізгіміз келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір