• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:41:32
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 NEWS

«Мәңгілік елге жол...» атты конференция өткізілді

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы және Тұңғыш...

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай "ALMATY YOUTH AWARDS" жобасы шеңберінде "Алматы" Университетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы ЖОО Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің ұйымы "G 38" мүшелерінің қатысуымен "Мәңгілік елге жол..." атты конференция өткізілді.

"Алматы" университетіне келген ЖОО студенттері аталмыш тақырып бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, Қазақ ұлттық аграрлық университетінен Әбдіманап Еламан, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Тұрлығазиева Назерке Қуанышқызы, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ атынан Ораз Ұлжан Әлханқызы, Орталық Азия университетінен Ерзат Бағдатұлы, Нұр Мубарак университетінен Демесбай Талғат, Қазақстан-Ресей медициналық университеттен Сатаев Абубакир және Алматы университетінің студенті Тұрсынғали Жамила "Мәңгілік Ел" ұғымы мен осы идеяны жүзеге асыру үшін не істеу қажет деген мәселеге қатысты ойларын ортаға салды. Сонымен қатар,  конференцияға Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Х.М.Әбжанов, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы жанындағы "Жарасым" РМО халықаралық байланыстар жөніндегі комитет төрағасы Есениязов Айтбек Төлегенұлы, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қызметкері Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызы келіп қатысты.  Конференция соңында қорытынды сөз айтқан профессор Х.М.Әбжанов студенттердің баяндамаларын талқылап, өз ойын ортаға салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір