• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:06:50
Алматы
+35°

08 Қараша, 2018 Аймақтар

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізінде оқушыларды тәрбиелеу

Оқушыларды рухани-өнегелік тәрбиелеу қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің және осы саланың маңызды құраушыларының бірі болып табылады

Оқушыларды рухани-өнегелік тәрбиелеу қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің және осы саланың маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Білім беру саласы қоғамның рухани нығаюында маңызды рөл атақарады. Мектептегі ұстаз тек қана білім беру ісімен емес, сонымен қатар тәрбие жұмыстарымен айналысады. Сынып жетекшісі ретінде оқушының болашақта тәрбиелі азамат болып қалыптасуына мұғалімнің берері өте көп.

Қоғамда рухани бағыт дұрыс жүйе ретінде қалыптасқанда ғана мемлекет өз алдына үлкен ауқымдағы ұлттық міндеттер қоя алады. Бұл дегеніңіз халқымыздың тіліне, мәдениетіне және салт-дәстүріне аса зор құрметпен қарап, ұлттық құндылықтарды ары қарай дамыту деген сөз. Осы арқылы ата-бабадан қалған рухани да материалдық мұраларды сақтай біліп, тарихымыздың өткен күндерін ұмытпайтындай болуымыз керек. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясында айтылған болатын.

Осыған байланысты білім беру саласы да осы бағытта өз үлесін қосуы тиіс. Әр жеткіншекте өз Отанын сүю және ол үшін жауапкершілікті сезінуді қалыптастырып, рухани-өнегелік құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрді күшейту және дамыту жолында жұмыстар атқару ағарту саласының жауапты міндеттерінің бірі болып есептеледі.

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен оның рухани мәдениетін мақтан тұтатын әрі білімді де зиялы еліміздің азаматын тәрбиелеп қалыптастыру аса маңызды және өзекті мәселе екені даусыз. Жеке адамның қалыптасуында білім беру мен тәрбиелеу оның рухани түпқазығын мықты еткен негізгі факторлардың бірі болады. Бұл мәселе зайырлы мемлекет және жоғары деңгейдегі руханият, салт-дәстүр мен тарихтың, тіл мен мәдениеттің ортақтығы, жалпыұлттық ауызбірлік пен келісім сияқты құндылықтарға негізделіп шешілуі тиіс.

Мектепте баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге мына жұмыстар кіреді:

  • Отанды сүюге, заңдар мен адамгершілік қағидаларын сақтауға баулу;
  • білім алуға қызығушылықты арттыру;
  • еңбек етуге баулу;
  • үлкендерді құрмет тұтуды үйрету;
  • оқушыларды мәдени құндылықтарға бейімдеу;
  • өнерге деген эстетикалық талғам мен махаббатты қалыптастыру;
  • жоғары адами құндылықтарды сіңіру және тағы басқалар.

Адамгершілікке тәрбиелеу – бұл жеке тұлғада жауапкершілік, патриотизм, ғылыми дүниетанымның орнықтылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар және тағы басқадай адами қасиеттерді қалыптастыруда оған жүйелі түрде тәрбиелік ықпал ету.

Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі мақсаттары:

  1. Рухани құндылықтарды жандандыру.
  2. Тұлғаның тәрбиелік және өмірлік-практикалық міндеттердің бірлігін, өмірге деген өзіндік көзқарасын және адами негіздерін қалыптастыру.
  3. Мәдени ой-өрісті кеңейту, моральдық пайымдау қабілетін қалыптастыру, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету.
  4. Қоршаған ортаға гуманизмді қалыптастыру.
  5. Өзін-зі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

Осы ретте «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясына сүйене отырып, осы айтылған мақсаттарға жетуде жеткіншектерді қазіргі заман талаптарына сай әрі өзінің ұлттық болмысын жоғалтпайтындай етіп тәрбиелеу ұстаздардың алдындағы жауапкершілігі өте ауыр келелі қызметтердің бірі. Патриоттық актіде «Мәңгілік Ел, бұл - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият» деп айтылғандай руханияттың жоғары деңгейіне жету үшін қазірден бастап жас ұрпақты ата-бабадан мұра болып қалған құндылықтар негізінде тәрбиелеп, оларға Қазақстан Ұлы дала елі екенін түйсіндіру. Орта білім беретін оқу орындарында тәрбие сағаттарымен қоса, балалардың дамуына әсер етіп, болашағына негіз болатын шаралар ұйымдастыру өзінің оң нәтижелерін беретіні анық. Айналып келгенде бұл жас адамның бойында патриотизм мен өзге де адами құндылықтардың берік қалануына негіз болады.

«Мәңгілік ел» табыстар мен жетістіктерге жету үшін қажырлы еңбек етудің қажеттігін айтады. Сол себепті мектеп оқушыларын еңбекке баулу сабақтарында да олардың жалқаулықтан бойларын аулақ ұстайтындай етіп бағыт-бағдар беру және қызығушылықпен еңбек етуге үйрету жұмыстары жүйелі жүруі қажет.

Президент идеясында мемлекеттік тіл Қазақстан қоғамын біріктіретін негізі, ал үштілділік бәсекеге қабілетті болудың алғышарттарының бірі деп атап өтілген. Осыған байланысты еліміздің мектептерінде біртіндеп үш тілде оқытуды жолға қойылып, оның маңыздылығын білім беру саласы ған емес, қоғам болып ұғынып келеміз. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде әрбір патриот адамның білуі оның еліне, жеріне деген сүйіспеншлігін арттырып қана қоймай жауапкершілікпен сезіне білетін міндеті болуы тиіс.

«Мәңгілік ел» пайымдамасында Қазақ елінің бейбітшілік пен келісімді өзіне ту еткені айтылып, халқымыздың «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағаидамен мыңдаған жылдар өмір сүріп келе жатқаны келтірілген. Сол себепті де келер ұрпақты осындай бауырмалдық рухта тәрбиелеп, басқа халықтармен бейбіт қатар өмір сүруге үйрету тек мектептегі мұғалімдер ғана емес, сонымен бірге ата-ана мен қоғамның да үлкен міндеті болып табылады.

Жас ұрпақтарымыздың осындай Ұлы идея негізінде білім алып, тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуы Қазақстанның болашақта Мәңгілік ел ретінде қала беруіне негізгі фактор болып септігін тигізеді.

Секен НАЗАР

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір