• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:32:57
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 Аймақтар

Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ерлер, әйелдер самбо күресі және жауынгерлік самбодан биылғы әлем чемпионаты Румыния елінің Бухарест қаласында өтті

Ерлер, әйелдер самбо күресі және жауынгерлік самбодан биылғы әлем чемпионаты Румыния елінің Бухарест қаласында өтті. Жарыстың соңғы күні, 11 қарашада, Нұркен Домбаев қоржынға қола медаль салды.

Жарысқа әлемнің 80 елінен 450-ден астам спортшы қатысты. Ерлер – 9, әйелдер – 9, жауынгерлік самбо – 9 салмақ түрінен бақ сынады.

Нұркен Домбаев 52 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сайысқа баптаған жаттықтырушысы – Берік Жұмағалиев. Палуан қырғыз, хорват, өзбек, моңғол самбошыларын жеңген болатын. Дегенмен шешуші кезеңде армениялық балуанға қолының жарақаты салдарынан есе жіберді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері самбо күресінің 80 жылдығы медалімен бірге 1-орынға 3000$, 2-орынға 2000$, 3-орынға 1500$ ақшалай сертификаттарымен марапатталды.

3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрама командасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль түсті. Ал жалпы командалық есепте Ресей құрамасы – 1 орын, Грузия – 2 орын, Қазақстан құрамасы – 3 орын алды.

Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен палуанды жақындары, достары мен жанкүйерлері әуежайдан қарсы алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір