• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:53:26
Алматы
+35°

31 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстаулық меценаттар 39 жобаны іске асырды

Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті

Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті. Осымен екінші жыл жергілікті кәсіпкерлердің еңбегі мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген жұмыстары бағаланып, қорытынды жасалуда.

«Атамекен» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың бастапқы 10 айында жоспарланған 85 іс-шараның 39 жобасы меценаттардың көмегімен іске асырылды. Облыс бойынша, 12 спорт кешендері мен алаңдары, 4 мектеп жанында жылыжайлар, 100 орындық отбасылық жатақхана салынды, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 11 пәтер беріліп, 18 тұрғын үй жөнделді және 4 балалар ойын алаңы салынды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2018 жылы құны 14 млрд. 785 млн. 060 мың теңгелік тағы 40 жобаны іске асыру басталған. Жыл соңына дейін 22 жоба аяқталады деп күтілуде.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстаудың дамуына белсенді үлес қосқан үздік меценаттарды марапаттады.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:» жаңа Жолдауында атап өткендей, қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасын арттыруына байланысты. Бүгін осында тек қана аймақ емес, бүкіл елге оң ықпал етіп, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға зор үлес қосып жүрген адамдар қатысуда. Адамдардың өмір сүру сапасы жақсарғанда кезде, олардың санасы да өзгереді. Осы жағдайда бізге біздің кәсіпкерлер баға жетпес көмек көрсете алады. Сіздердің көмек және қолдауларыңыздың арқасында, біз 2019-2020 жылдары тағы 29 жобаны іске асыруды жоспарладық, жалпы сомасы 13,5 млрд. теңге. Ақтау қаласында спорт сарайының құрылысы, Жаңаөзенде 59 үйді жөндеу, Бейнеуде 160 орындық спорт кешені құрылысын салу, Мұнайлы ауданында кітапхана мен мәдениет үйінің құрылысы және тағы басқа құрылыстарды салу жоспарлануда», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Жыл меценаты» номинациясымен Есенгелдин Сакен Есенгелдіұлы және Керелбаев Асқарбек Сайынұлы мен марапатталды.

«Туған өлке» номинациясы Лесбаев Мұхат Бердібекұлы, Табылдиев Дүйсебай Аманханұлы және Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлына табысталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Шакенова Даметкен Асабайқызы, Бимырзаев Иса Ибрайымұлы және Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы иеленді.

Әлеуметтік маңызы бар, қайырымдылық жобаларды іске асыруда бас демеушілік жасағаны үшін «Үздік ұйым» номинациясымен Қожанепесов Бақытжан Мәткерейұлы, Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы және Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы марапатталды.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілігі» номинациясымен Огай Антонина Вячеславовна, Мурадова Сәнім Ізбасарқызы және «Үммет жастары» қоғамдық ұйымы марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір