• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:18:58
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Маңғыстаудағы транспорттық кедергілердің түйіні цифрландыру арқылы шешіледі

Ірі қалалардың тұрықты дамуы мен қызмет етуі дамыған көлік жүйесінің болуын талап етеді

Ірі қалалардың тұрықты дамуы мен қызмет етуі дамыған көлік жүйесінің болуын талап етеді. Миллионер қалалар үшін көлік ағының реттеу өзектілігі бойынша тіпті бірінші мәселе десек те болады. Ірі қалалар экожүйесін дамыту үшін өңірлерде «Smart city» жобалары жүзеге асырылуда. Мәселен, «ақылды аялдамалар», электронды төлем жүйелері кең қолданысқа енгізіліп, азаматтар арасында қолдауға ие. Бұл шаралар мен ұмтылыстар қала басқару мен дамуының тиімділігін жоғарлатумен қатар осы процесстердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Көлік саласын дамыту мәселесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да кеңінен қарастырылған. Негізгі міндет – транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту әрі транзиттегі уақытты қысқарту. Цифрландырудың жүк тасымалының көлемін әжептәуір арттыратыны да сонда жазылған. Бұған қоса, ақылды көлік жүйесі әзірленіп, ол жүргізушілерге жол қозғалысын басқаруы үшін жәрдемдеспек. Айта кетерлігі, мұндай жүйені қолдану өзге елдерде сәтті нәтиже көрсетті. Яғни, жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендердің саны 30%-ға азайған, жол шығындары 15%-ға төмендеген.

Қазіргі таңда «ақылды көлік» жүйесі еліміздің бірқатар өңірінде кең қолданыста. Еліміздің батыс бөлігі, мұнайлы мекен – Маңғыстауда да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алға қойған жоспарлар да аз емес. Мәселен, 2018-2019 жылдарға арналған мынадай жобалар бар: электронды төлем жүйесі, жолаушылар тасымалын бақылау, Ақтау қаласының қоғамдық көліктерінде бейне-бақылау жүйесін енгізу және ақылды автобус аялдамаларын іске қосу көзделген.

Қоғамдық көліктегі электрондық төлем жүйесін жүзеге асыру «Маңғыстау облысы автобус паркін жаңарту» жобасы арқылы іске асады. Жоба аясында 70 автобус сатып алу жоспарланған.  Аталмыш шара 2018 жылдың соңында толықтай орындалады деп күтіліп отыр. Нәтижесінде, қызмет көрсету сапасы артып, жолаушылар үшін жайлы жағдай жасалады. Бұған қоса, бұл процесс жолаушылар тасымалындағы қаржылық айналымның ашықтығына себеп болады.

Көлік саласындағы тағы бір айтулы шаралардың бірі – ақылды автобус аялдамалары.  Бұл жоба халықтың қоғамдық көлікті қолайлы жағдайда күтуіне бағытталып отыр. Осыған байланысты, талдау жұмыстары жүргізілді. Қорытындысы: Маңғыстау облысы 159 ақылды аялдамаға мұқтаж екен. Қазіргі таңда оларды орнату құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай аялдамалар шамамен 12 млн. теңге тұрады.

Цифрландырудың аясында қоғамдық көліктер видеокамерамен қамтылатынын жоғарыда атап өттік. Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерге бейне-бақылау жүйесін енгізу халықтың мүлкін ұрлық-қарлықтан қорғайды. Осы ретте, қаладағы 73 автобустың ішіндегі 51 автобусқа бейне-бақылау құрылғысы енгізілген. Сонымен қатар, қала маңында қатынайтын 55 автобустың 30-ы видео камерамен жүруде. Бейне-бақылау құрылғылары жол қозғалысы кезіндегі заң бұзушылықтарға жол бермейді. Міне, осындай тың жобалар өңірдің транспортындағы көп кедергілерді шешуге бағытталып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір