• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:13:35
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша 192 жоба мақұлданды

Бұл жөнінде облыс әкімдігі ғимаратында өткен аппарат жиынында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова мәлімдеді

Бұл жөнінде облыс әкімдігі ғимаратында өткен аппарат жиынында экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова мәлімдеді.

2018 жылдың 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері құны 100,0 миллион теңге болатын 61 жоба мақұлданғанын жеткізді.

Сондай-ақ 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгені құрайтын және 73 жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 3 жобаны енгізу жоспарланған.

Микронесиелеу ұйымдары мен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» АҚ 867,4 миллион теңге болатын 184 микронесие берілген. Нәтижесінде 270 жаңа жұмыс орны құрылған.

«Ал «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 1% пайыздық үстемақымен жыл басынан бері 192 жоба мақұлданып, 2,9 миллиард теңге несие берілді. Бұл бағдарлама 1 600 жұмыс орнын құруға сеп болды. Жалпы облыс бойынша 28625 жаңа жұмыс орны пайда болды. Өлкедегі жұмыссыздық 4,8 пайызды құрап отыр», - деді Марина Әлбекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір