• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 06:58:28
+35°

01 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда Мұнайлы ауданының 5 ауылына жаңа атау берілді

Маңғыстауда облысындағы өлкемен аттас бір аудан мен бірнеше ауылдың бар екендігі, олардың атауын өзгерту туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген

Маңғыстауда облысындағы өлкемен аттас бір аудан мен бірнеше ауылдың бар екендігі, олардың атауын өзгерту туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Осы мәселе шешімін тауып, Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» атты 5 ауылдың атауы өзгерді, — деп хабарлайды qamshy.kz порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауылдардың атауы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының шешімімен ауылдарға төмендегідей атаулар берілген: Маңғыстау 1 – Ақ еспе; Маңғыстау 2 – Бозжыра; Маңғыстау 3 – Айрақты; Маңғыстау 4 – Шерқала; Маңғыстау 5 – Бесшоқы.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдардың атауының қайталанатыны Маңғыстау облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде де көтеріліп, Мұнайлыдағы Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарының атауын өзгертіп, белгілі тұлғалардың атын беруді ұсынған еді. Сол кезде Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған Н. Тәжібаев онамастика комисииясына «Ақеспе», «Бозжыра» секілді жер-су атаулары ұсынылғанын айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір