• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:20:07
Алматы
+35°

10 Қараша, 2018 Аймақтар

Маңғыстау өнерпаздары Дубайдан жүлделі қайтты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Jumeirah Sound» ІІ халықаралық фестиваль байқауы өтті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Jumeirah Sound» ІІ халықаралық фестиваль байқауы өтті.

Барлық өнер түрі бойынша жасөспірімдер арасында өткен байқауда ТМД елдерінің талантты балалары мен жастары бас қосты.

Өнерпаздардың жеке тұлғалық, шығармашылық дамуын мақсат еткен сайысқа Түпқараған ауданының өрендері де қатысу үшін 2 қараша күні жолға шыққан.

Фестивальдің өтуіне мұрындық болған «Chamber Academy of music» Академиясы. Ол Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының серіктестігі.

Маңғыстаудан сайысқа 8 өнерпаз бен олардың жетекшілері аттанған болатын. Олар барлық аталым бойынша жүлделерді қанжығаларына байлады.

Атап айтсақ, «Сазсырнай» аталымы бойынша Озғанбаева Қарлығаш 1 орын, «Бейнелеу өнері» аталымында Тілекбаева Жайна 1 орын, Домбырадан ұжымдық аспаптық орындаудан «Ақжелкен» ансамблі Гран-При иеленген. Жеке домбыра орындаудан Сүндетқалиев Жасұлан Гран-При, Червонов Темірлан 1 орын, Әлқуатова Мәдина, Молдағали Бекайдар, Құлжан Сабина, Қасымқызы Райхан 2 орын еншіледі.

Байқауға елімізден Маңғыстау облысымен қатар, Петропавл, Қызылорда, Астана қалалырының өнерпаздары да қатысқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір