• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:08:48
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Саясат

Мамырда митингіге шыққан азаматтарға экстремизм бабымен іс қозғалды

Сондағылар жеке куәлігімді көре сала, қолыма кісен салып, үстімнен экстремизм бабы бойынша іс қозғалғанын айтты...

Алматыда үш азаматтың – Жазира Демеуова, Гүлзипа Жәукерова және Оксана Шевчуктің үстінен елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының қызметіне қатысты деген айыппен іс қозғалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Демеуованың адвокаты Гүлнара Жуаспаева хабарлаған. Үш азаматқа 405-баптың 2-тармағы (Экстремизм мен терроризмге байланысты елде сот шешімімен тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысу – ред.) бойынша күдікті статусы берілген.

Демеуова, Шевчук және Жаукерова 1 мамырда Алматыда өткен наразылық кезінде ұсталған. Полиция олардың кейбірін 9 мамырда да қамауға алған.

Жуаспаеваның сөзінше, 1 мамырдағы наразылықтан соң "бейбіт жиын өткізу ережесін бұзды" деп танылып, 50 500 теңге айыппұлға кесілген екі азаматтың – Демеуова мен Жаукерованың үстінен тап сол факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жуаспаева "бұл заңға қайшы" дейді. Жазира Демеуова 9 мамыр күнгі парадқа қатысуға барғанын, бірақ полицейлер алаңда жүрген 26 жастағы қызын ұстап әкеткен соң өзі де Алматы қалалық полиция департаментіне баруға мәжбүр болғанын айтады.

«Ештеңе істемесем де, қызымды әкету үшін полиция департаментіне бардым. Сондағылар жеке куәлігімді көре сала, қолыма кісен салып, үстімнен экстремизм бабы бойынша іс қозғалғанын айтты. Артынша үйіме апарып, тінту жүргізді. Бүкіл гаджетті, компьютерді, флешкамды алып қойды. Мұнан соң қайта департаменке келіп, мені 48 сағат жертөледе тергеді», - деді Демеуова.

Үшінші күдікті Оксана Шевчукті Алматы қалалық полиция департаментінің тергеушісі Толғанай Ержанова тергеген.

Ішкі істер министрлігі 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен 80 адамның ұсталғанын хабарлады. Алайда нақты қанша адамның әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы дерек жоқ.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір