• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:02:40
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2016 NEWS

Мамандану мәселесін талқылаған конференция өтті

Алматы университетінде «Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру» атты студенттер мен жас ғалымдардың II-республикалық...

Алматы университетінде «Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру» атты студенттер мен жас ғалымдардың II-республикалық ғылыми-практикалық конференция бөліп өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Конференцияның салтанатты ашылуында университет ректоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы:

-  Құрметті, конференцияға қатысушы оқытушылар мен студенттер! Алматы университеті «Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру» атты конференцияны биылғы жылы осымен екінші рет өткізіп отыр. Біздің басты мақсатымыз-жастардың ғылымға деген құлшынысын арттыру. Бүгінгі сіздердің жасайтын баяндамаларыңыз ертенгі күні сіздің ғылымға енгізер жаңалығыңыз болуы әбден мүмкін. Ол үшін таңдаған тақырыбымызды ғылыми айналымға түсіріп, бастаған ісімізді соңына дейін жеткізуіміз керек. Бүгінгі конференцияға қатысу-ол сіздердің ғылымға басқан алғашқы қадамдарыңыз деп білемін. Болашақта қазақ ғылымына аянбай тер төккен білікті маман болуларыңызға тілектестік білдіремін»,-деп сөз сөйледі.

Ашылу рәсімінен кейін пленнарлық отырыста бағдарлама бойынша өзекті деген тақырыптар бойынша баяндама тыңдалды.  Алғашқы сөз Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен келген қонақтарға берілді. Аталған ЖОО «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Берікболқызы Жадыра «Қазіргі кездегі әлем-интернетке тәуелділік» тақырыбында, «Психология» мамандығының 2 курс студенті Маликрамова Ақбота «Студент тұлғасының мотивациялық аймағы зерттеу мәселесі ретінде» атты тақырыпта сөз қозғады. Алматы университетінің  «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Қабдырахманова Арайлым «Өзіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында үлкен мәселе көтерді.

Түстен кейін секциялық отырыста да мамандық бойынша баяндамалар тыңдалды. Сөйтіп жеңімпаздар анықталды. Конференцияның салтанатты жабылуында конференцияға қатысушыларды және жеңімпаздарды университет ректоры марапаттады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір