• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:23:35
Алматы
+35°

07 Маусым, 2017 Әлеумет

Мәлім де беймәлім Джеки Чан: Құрсақта жатқанда-ақ әлемге таныларын сездірген

1954 жылдың 7 сәуірінде Гонконг және Америка актері, режиссер, продюсер, трюктерді қоюшы Джеки Чан өмірге келді. Оның адамның шамасы келе бермейтін ерекше...

1954 жылдың 7 сәуірінде Гонконг және Америка актері, режиссер, продюсер, трюктерді қоюшы Джеки Чан өмірге келді. Оның адамның шамасы келе бермейтін ерекше трюктарға толы, комедиясы мен трагедиясы аралас фильмдері бүкіл әлемге танымал.

Оның жұлдыз екенін, актер екенін бәрі біледі, бірақ ол қандай адам, бала Джеки қандай болды, отбасында қандай? Қамшы ақпараттық агенттігі осы сұрақтардың жауабын оқырман назарына ұсынады.

Өзінің ерекше тұлға атанарын Джеки Чан дүние есігін ашпай жатып сездірген: анасы Джекиге 11 ай бойы екіқабат болған көрінеді, ақыры толғағы келмеген ол баланы оперция арқылы алдырады. Сәбидің салмағы 5 келі 400 грамм болған екен.

Актердің шын есімі – Чан Кон Сан, оның әкесі тыңшылық қызметінің кесірінен отбасының есімдерін түгелдей өзгерткен, ал Джекидің нағыз есімі – Фон Си Лунг.

Болашақ жұлдыздың әкесі тыңшы болған, ал анасы апиын сатқан.

Джеки дүниеге келгенде ата-анасы оны акушер-британдыққа 26 долларға сатпақ болған.

Мұны білген Джеки «егер мені сатып жібергенде Ұлыбританияда тұратын едім, қытай тілінде емес, ағылшын тілінде сөйлейтін едім, мүмкін дәрігер болатын ба едім» деп ойлайды.

Джеки 7-ге толғанда ата-анасы Австралияға көшіп кеткен, ал баланы Гонконгтағы мектеп-интернатына қалдырды. Сол жерде болашақ жұлдыз акробатика, актерлік шеберлік, жекпе-жекке үйренді. Жаттығулары сағат таңғы 5-те басталып, жарым түнге дейін жалғасқан.

Кез-келген қателіктің артында қатаң жаза тұрған. Балалығын еске ала отырып Джеки өзін күнде таяқтың астына алған күндерін айтады.

Оның бала кездегі лақап аты – «Үлкен мұрын» болды: бірде мектепте оқып жүргенде мұғалім таяқпен мұрнын сындырған, сол күннен бастап ол «Үлкен мұрын» атанды.

Қытай тілінде жазып, оқу Джеки үшін қиын, себебі мектепте грамматика мен оқуды үйретпеген десе де болады. Болғанның өзінде балалар тыңдамас та еді. Қытай тілін Джеки өсе келе ағылшынмен қосып үйренді.

«Джеки» деген есімді Аустралияда құрылыста жұмыс істеп жүргенде алған.

Киноға алағашқы қадамын 8 жасында бастаған, «Үлкен және кішкентай Вонг Тин Бар» фильміне түскен. 1971 жылы мектепті бітіргенде оның мойнында 7 фильм тұрды.

Бірде жас әрі танылып үлгермеген актер ақша үшін «үлкендерге арналған» фильмге түседі. Алайда өз өткені үшін Джеки қысылған емес, оны бір сабақ, тәжірибе деп біледі.

Джеки рөл сомдаған порно фильм 1975 жылы түсіріліп, «All in The Family» деп аталды.

Акробат және каскадер болып жұмыс істеп жүргенде «Кулак ярости», «Выход дракона» фильмдеріне Брюс Лидің әріптесі болып түседі.

Брюс Лидің өлімінен кейін продюсер Вилли Чан Джекиді жаңа Брюс Ли ретінде бірнеше фильмдерге түсірді. Алайда Джеки экрандағы өз бейнесін жасады. Жеке трюктары мен жекпе-жектерін қосып, комедиямен ұштастырып түсірген авторлық  алғашқы «Пьяный мастер» фильмі сәтті шықты.

1976 жылы фильмге түсу барысында үстелден құлып көзін жарақаттаған актер операциядан бірақ шықты. Көзі жазылып әрі бұрынғысынан ұлғайған Джеки екінші көзін де ұлғайтпақ болып, операция жасатқан.

Джеки – Гонконг киноиндустриясында тәуелсіз актер болған алғашқы және жалғыз адам. Ол тек өзі жинаған каскадерлер командасымен жұмыс істеді. 1985 жылғы «Полицейской истории» фильмінің түсірілімі барысында көптеген каскадерлер зардап шегіп, Джекимен жұмыс істеуден бас тартқан.

Бүгінде Чанның командасында 16 каскадер бар, 10-15 жылдан кейін әрқайсысы жекпе-жек өнерінің нақ шеберлеріне айналады. Джеки олармен өзі жаттығып, әр каскадердің өмірі үшін өзі жауап берді. Ең бастысы командасына сенді.

Адамдар Джекиді жайбасар деп айтады. Бірде 10 минуттық сахнаны 2900 мәрте түсірген. «Сахан менің көңілімнен шықпайынша, мен түсіруден жалықпаймын. Жанкүйерлеріме фильмдегі әр қозғалыс ұнауы тиіс» дейді Джекидің өзі.

Джекидің кинокартиналарында қанды зорлық, эротикалық сахналар, жаға жыртысу, дөрекілік сынды дүниелер атымен жоқ. Мұндай болғанына актер мақтанады да, себебі оның фильмдерін ер адамдардан бұрын балалар мен әйелдер көбірек тамашалайды.

Бір сұхбатында Джеки қол-аяғын сындырып, жарақат алудан емес, ауруханалар мен дәрігерлерді көргенде зәре құты қашатынын айтқан.

1986 жылғы «Доспехи Бога» фильмінің түсірілімі барысында Джеки бір өлімнен аман қалды. Югославиядағы түсірілімде десинхроноз синдромына шалдыққан, алайда ең қиын деген трюкты орындаған. Бұл ойнағаны ұнамай, екінші қайтара түсірмек болады. Сол сәтте Джеки 12 метр биіктіктен тастардың үстіне құлайды.

Миына зақым келген Джекидің өмірін өзі қатты қорқатын операция құтқарып қалған. Бүгінде оның оң құлағы естімейді.

Бұл жарақат бір ғана фильмнің кесірінен болған, ал Джеки жүздеген фильмдерді түсірді, әрқайсысынан жарақат алды, сау жері қалмаған да шығар, бәлкім.

Актер күніне 4-5 сағат ұйықтайды. Соның арқасында 80 фильмінің 11-інде каскадер болды, 15-іне режиссерлік етті, тағы 11-іне продюсер болды. Сондай-ақ Джеки әншілікпен де айналысты. Оның 20-ға жуық альбомы бар, 1980 жылдан бастап фильмдерінің көбінде дерлік Джекмидің тематикалық әндері айтылған.

2012 жылы Гиннес рекордсмені атанды. Бұл жетістікке «Доспехи Бога: Миссия Зодиак» фильмінде сценраист, режиссер, басты рөлді сомдаушы, продюсер, атқарушы продюсер, оператор, трюктар қоюшы, суретшіғ каскадер, композитор, тематикалық әндерді орындаушы, координатор – осылардың бәрін бір өзі атқарғаны үшін жеткен.

Сондай-ақ қайырымдылық шаралары болған жерлерде Джеки жүретін.

Отбасына келер болсақ, 80 жылдары тайвань актрисасы Линь Фэнцзяомен бас қосты. Олардың Джейси Сан есімді ұлдары бар. Сонымен қатар, Чанның Этта У Чжолинь есімді қызы бар, алайда Элейн У Цили есімді актрисадан некесіз туған қыз болғандықтан Джеки оны мойындамайды.

Джекидің ұлы әкесінің байлығынан көк тиын да алмайтын көрінеді. «Егер өзінің ақша табуға қабілеті болса, менің ақшамды құр босқа шашып қайтпек?» дейді әкесі ұлы жайында.

Джеки – буддист, сондай-ақ вегетариан.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір